Get Mystery Box with random crypto!

ONLY STUDY | ҰБТ 2022

Telegram арнасының логотипі onlystudyubt2021 — ONLY STUDY | ҰБТ 2022 O
Telegram арнасының логотипі onlystudyubt2021 — ONLY STUDY | ҰБТ 2022
Арна мекенжайы: @onlystudyubt2021
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 374
Арнадан сипаттама

Сұрақтар бойынша 👉 @Erkebulanovnaaa

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2021-08-13 08:27:42 Студентке қажет сайттар

Универде әр пәннен кітап берілмейді. Жалпы бір семестрге әр пәннен силлабус беріліп, ондағы тақырыптарды өздеріңіз кітапханадан, ғаламтор желісінен іздеп оқып дайындаласыздар. Әдетте силлабус соңында ондағы тақырыптарды қай кітаптан қарап оқуға болатынын көрсететін әдебиеттер ұсынылады.

Бірақ кейде ол кітап кітапханада 1-2 дана болуы мүмкін. Ал студент саны 30. Бұндай жағдайда амал жоқ интернеттен дайындаламыз. Пандемия кезінде интернеттегі қазақша ресурстар саны көбейіп, мыңдаған кітаптың электронды нұсқасы шығып, онлайн кітапханалар ашылды.

Сол сайттарды, жалпы студентке қажет ресурстарды ұсынбақшымыз.

1. stud.kz
Түрлі баяндама, реферат, СӨЖ, курстық жұмыс, тіпті дипломдық жұмыстарға дейін бар. Жоқ болса, өзіңіз арзан бағада тапсырыс бере аласыз.

2. bilim-all.kz
Тек студенттер емес, оқытушыларға да пайдалы сайт. Мектеп бағдарламасы мен университет бағдарламасындағы тақырыптар, рефераттар, жоспарлар бар.

3. kitap.kz
Әдеби кітаптар табуға болатын сайт. Филологияда оқитын болсаңыз, өте көп әдеби кітаптар бар. Тез арада оқып бітіру керек болып, бірақ уақытыңыз болмаса, аудиокітаптар да жетерлік.

4. elibrary.kaznu.kz
Пандемия кезінде көп кітапхана өз кітаптарын оқырмандарын электронды кітаптармен қуантқан болатын. Соның бірі Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кітапханасы. Өте көп және әртүрлі бағыттағы кітаптардың электронды нұсқасын табуға болады.
167 views05:27
Ашу / Түсініктеме
2021-08-11 12:48:10 Грант конкурсынын нәтижесін осы сілтеме арқылы көре аласыздар

https://grant.testcenter.kz/search
76 viewsAzhara, 09:48
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 15:15:20 Грант конкурсының нәтижесін сіздерде асыға күтіп жүрсіздер ме?
93 views12:15
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 15:14:48 15 тамызға дейін шықса екен
95 views12:14
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 15:14:30БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның бірінші отырысы өтті. Комиссия отырысына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев төрағалық етті.

Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, журналистер, «Қазақстан студенттері Альянсы», Отандастар қорының өкілдері кірді. Одан кейін талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалатын болады.

Президенттің тапсырмасы бойынша гранттардың жалпы саны 5 мыңға артып отыр. Яғни, өткен жылы білім беру гранттарының саны 51 мың болса, биыл 56 мыңға дейін артты. Сондай-ақ гранттарды бөлу кезінде алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген.

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 75 мыңнан астам өтінім берілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 13 мыңға артық.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелерін 15 тамызға дейін жариялау жоспарланып отыр.

@bilim_jane_gylym
76 views12:14
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 15:56:1019 ТАЛАПКЕРДІҢ ҰБТ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖОЙЫЛДЫ

19 талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылды. Өткен жылдағыдай, ҰБТ аяқталғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері 145 мың талапкердің бейнежазбаларын қарайды.

Бұған дейін Білім және ғылым министрі ҰБТ-ны тапсыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуді және тестілеу нәтижелерін бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

Өткен жылы бақылау камераларынан бейнежазбаларды қарау туралы ереже енгізілген болатын. ҰБТ аяқталғаннан кейін 152 талапкердің тестілеу ережесін бұзғаны анықталып, нәтижелері жойылды. Олардың 91-і білім беру гранттынан айырылды.

Бақылаудың күшеюі үш жыл ішінде тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеттері біршама азайды. 2019 жылы 128 мың, 2020 жылы 1296 түлек ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысса, биыл 758 жағдай тіркелді. Тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдалануға тырысқандардың саны 2019 жылғы 2363-тен 2021 жылы 749-ға дейін азайды.

Алдымен, Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері 100-ден жоғары балл жинаған тестіленушілердің бейнежазбаларын тексереді. Мәселен, талапкерлердің нәтижелері наурыз және мамыр, маусым айларындағы көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары болуы мүмкін.

Биыл ҰБТ бейнежазбаларының бір бөлігін егжей-тегжейлі қарап шыққаннан кейін, 19 талапкердің шпаргалкаларды қолданғаны және ережелерді бұзғаны анықталды. Осыған байланысты олардың нәтижелері жойылды.

«Біз түлектеріміздің тек өз біліміне үміт артуын қамтамасыз ету үшін осындай мұқият тексеру жүргізіп жатырмыз. Өйткені, бүгін тест тапсырып, ережені бұзған талапкердің ертең полиция қызметкері, дәрігер, мұғалім немесе судья ретінде адал маман болатынына кепілдік жоқ. Сондықтан комиссия 19 талапкердің нәтижелерін жоюға шешім қабылдады. Енді олар білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алмайды. Бірақ бұл жағдайлар балалар тарапынан болғандығын ескеріп, оларға жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқу мүмкіндігі беріледі. Жалпы, барлық түлектер ҰБТ-ны жылына бірнеше рет тапсыра алады. Бұл тестілеуге дайындалу барысында оқушылардың күйзелісін азайтады. Біз тағы да барлық талапкерлерді академиялық адалдыққа шақырамыз. ҰБТ-ның барынша ашық және адал өтуі үшін бұдан әрі де барлық жағдайды жасайтынымызды айтқым келеді. Бейнежазбаларды тексеруді жалғастырамыз. Бұзушылықтар анықталған жағдайда нәтижелер мен тіпті берілген гранттардың да күші жойылады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а. Наужан Дидарбекова.

@bilim_jane_gylym
48 views12:56
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 13:50:24 Грант конкурсына өтініш қабылданды ма?

Қалай білеміз?

Egov-қа кіресіз. Жеке кабинетіңізге кірген кезде, «Кіріс» батырмасын бассаңыз өтінішіңіздің статусын көруге болады.

Жалпы 5 статус бар:

1. Құрылды - Сіз өтінішті толтырып, қол қойдыңыз

2. Жіберілді - Өтінішті қабылдау комиссиясына жібердіңіз

3. Өтінішіңіз мемлекеттік органмен қабылданды (Бірінші рет) - қабылдау комиссиясы сіздің өтінішіңізді қарастыруда

4. Өтінішіңіз мемлекеттік органмен қабылданды (Екінші рет) - қабылдау комиссиясы өтінішіңізді қарастыруды аяқтап, Ұлттық Тестілеу Орталығына жіберді.

5. Өтінішіңіз мемлекеттік органмен қабылданды (Үшінші рет) - Сіз грант конкурсында қатысып жатсырсыз.

Бұл жайлы толығырақ МЫНА видеода айттық.
5 views10:50
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 07:40:34 Қай университетке грант бөлінді?

Жыл сайын Білім және Ғылым министрлігі мамандықтарға грант санын бөлгеннен кейін, ол мамандықтар бойынша қай университеттер грантқа қабылдай алатыны туралы тізім шығарады.

Кейбір университеттерге жаңа мамандықтарға грант бөлінуі мүмкін, ал кейбір университеттерге мүлдем грант бөлінбеуі мүмкін.

Мысалы, Еуразия Технологиялық Университетінде «Менеджмент және басқару» мамандығы бар, бірақ бұл университетте осы мамандық бойынша сіз тек ақылы бөлімде оқи аласыз.

Себебі Білім және Ғылым министрлігі бұл университетке бір де бір грант бөлмеді.

Ал қай университетке және қай мамандықтарына грант бөлінді?

Бұл жайлы арнайы тізім бар. Сол тізімнен сіздің мамандығыңыз бойынша қай университеттерде грантқа оқи алатыныңызды біле аласыз.

Мысалы, «Информатика мұғалімдерін даярлау» мамандығын 22 университетте грантта оқи аласыз.

Ол тізімді МЫНА сілтеме арқылы көре аласыз.
67 views04:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 14:31:17 Грант конкурсында арнайы квоталар!

Көп балалы отбасылар үшін жаңа квота енгізілді.

Көп балалы отбасындағы талапкерлер үшін – 5 %; Отбасында 18 жасқа толмаған 4 не одан көп бала бар болса.

Кемінде үш жыл «толық емес отбасы» санаты бар отбасылардағы үшін – 1 %;

Бала кезінен мүгедектігі бар талапкерлер – 1 %. І, ІІ топтағы мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасындағы талапкер үшін де жарамды.

5%, 1% дегенді қалай түсінеміз?
5% дегеніміз – бір мамандыққа 100 грант бөлінсе, 95 грант үшін барлығы таласа алады, ал қалған 5 грант үшін тек қана көп балалы отбасынан шыққан талапкерлер ғана таласа алады.

Яғни, көпбалалы отбасыдан шыққан түлектер грант конкурсында алдымен барлығымен бірге 95 грант үшін таласады. Ал ол 95 гранттан ұта алмаған барлық көпбалалы отбасынан шыққан түлектер арнайы бөлінген 5 грантқа таласады.

Құжатты қайдан алу керек?
Бұл туралы құжатты egov сайтынан онлайн, немесе ЦОНға барып офлайн ала аласың.
 
Пайдалы ақпарат: Дұрыс таңдау жасап, грантқа түскің келсе МЫНА видеоны көр.
16 views11:31
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 13:13:09 Egov қатып қалады

Қазір, көбінің egov арқылы құжат тапсыруға қатысты алаңдаушылықтары бар:
- құжаттарды қате жіберуден қорқамыз
- платформа қатып қалады деп алаңдаймыз.

Құжаттарды 16 шілдеден кейін тапсыруға кеңес береміз, өйткені бірінші күні үлкен ағым egov жұмысына әсер етуі мүмкін.

Сондықтан да қатты асықпандар. 16-сы күні қалай тапсыру керектігін үйреніп алып, барлық құжаттарды тексеріп, содан кейін ғана тапсырған дұрыс. Өйткені, қай күнде өткізсең де, ешқандай айырмашылық жоқ.

16-сы күні құжаттарды қалай тапсыру керектігі туралы бейне нұсқаулық түсіреміз.

Бейнені мұқият қарап, құжаттарыңды еш қиындықсыз сәтті тапсырасыңдар.

P.S. Өкінішке орай, біз 16-шы шілдеге дейін бейне нұсқаулығын түсіре алмаймыз, себебі сендердегідей, бізде де доступ жоқ. Сондықтан күтулеріңді сұраймыз.
33 views10:13
Ашу / Түсініктеме