Get Mystery Box with random crypto!

Ongar_online

Telegram арнасының логотипі ongar_online — Ongar_online O
Telegram арнасының логотипі ongar_online — Ongar_online
Арна мекенжайы: @ongar_online
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.81K
Арнадан сипаттама

Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы!
Мұнда:
🤡 Саясат
😪 Дау-дамай
😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады.
Жарнама бойынша: 77016253624

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-07-21 08:36:01
Жеңіл атлетикадан АҚШ-та өтіп жатқан әлем чемпионатындағы қазақстандық жанкүйерлер.
180 views05:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 08:28:46
АҚШ аты аңызға айналған A-10 Thunderbolt II Warthog ұшағын Украинаға беруді талқылауға дайын

«Көптеген шешімдер Киевке және оның қажеттіліктеріне байланысты, біз талаптарды қалай қанағаттандыруға болатынын талқылауға дайынбыз», - деді АҚШ Әуе күштерінің хатшысы Фрэнк Кендалл әуе кемелері туралы деректерді беру мүмкіндігін сұраған журналистке.

Осылайша, АҚШ әуе күштері заманауи бағдарламаларға назар аудару үшін ескірген әскери ұшақтарды есептен шығармақшы.
Ал АҚШ сенаторлары Қорғаныс министріне Украина үшін қазіргі заманауи истребительдерді беруді сұрап хат жазды. Himars-тан кейін F 35-тер келсе онда майдан жағдайы 180 градусқа өзгереді.
195 views05:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 07:20:09
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының тұңғыш алтыны. Әлем чемпионатының рекордын да қазақстандық Джеруто қойды. 8:53,02
Біртүрлі қуана алмай тұрмын. Өз үйіңдегі тойды сырттай тамашалаған сияқты сезім екен.
274 views04:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 23:13:47
Херсондағы тағы бір орыстардың қару жарақ қоймасының күлі көкке ұшты. Айналайын Himars
376 viewsedited  20:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 22:53:05 Қазақстан әлде Өзбекстан. Бізге H&M үшін барымызды салып күресу керек

Шведтің алпауыт ритейлері H&M 13 жыл жұмыс істеген Ресейден кету туралы шешімге келді. Оның Ресейдегі дүкендері киім-кешектің барлығын жеңілдікпен сатып бітеді де, толық жабылады. Компания Ресейдегі дүкендерінің жабылуынан 190 млн доллар жоғалтады.

H&M Қазақстанда да жұмыс істейді. Оның еліміздегі алғашқы дүкені 2017 жылы Алматыда ашылды. Компания стратегиясы бойынша, оның дүкендері еліміздің барлық қалаларында ашылуы тиіс. Қазір қателеспесем олар кем дегенде 5 қалада бар.

H&M биылдан бастап өзбек нарығына кіру туралы нақты қадам жасай бастады. Және оның Өзбекстанда 1-2 жылдың көлемінде пайда болатынына еш күмән жоқ.

Бұған дейін H&M өзінің аймақтық базасын Ресейде ұстап келген еді. Ресейде отырып олар бізге келді, және өзбектерге кірмек болды. Ең басты мәселе - осы база енді қайда болады?

Логикалық тұрғыдан алсақ, H&M біздің нарықпен 5 жылдан бері таныс. Президент тарапынан да, Үкімет жағынан да (Сауда және интеграция министрлігі, әкімдіктер) мұндай ірі инвесторға деген қолдау бар. Біздің салықтық заңнамамыз өте түсінікті және қолайлы.

Ал Өзбекстан өндірістік процестер, ең алдымен жеңіл өнеркәсіп/тоқыманы ұйымдастыруға өте қолайлы. Былтырдан бастап өзбек мақтасына салынған халықаралық қауымдастықтың бойкоты алынып тасталды. Демек, "Узтекстильпром" базасында жеткілікті, сарқылмайтын шикізат бар екенін ескеріп, H&M өндірісін ашуға болады.

H&M нені таңдайды? Менің ойымша, оларға әкімшілік, юрисдикциялық базаны бізде ұстап, өндірісті Ташкентте жасаған дұрыс.

Бұл ретте Қазақстан-Өзбекстан ара байланысы АҚШ-Қытай қатынасына ұқсайды. Бас кеңселер, басшылық пен патенттер АҚШ-та (Apple), ал зауыттары Қытайда.

H&M үшін күресу керек. Ол - жұмыс орны мен салық. Әрі сауда орталықтары/курьер/аренда сынды қосымша салаларды дамытып, мультипликативті эффект бере алатын, бізге пайдасы көп компания.
Авторы Айбар Олжаев
389 views19:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 20:46:55
Мелитопольдегі қару жарақ қоймасының салют болған сәті. Орыстар өздері түсіріп алыпты. Атыңнан айналайын Himars!
523 views17:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 16:07:06
Келесі аптада Украинаға тағы 4 Himars келеді
486 views13:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 15:45:39 "Астана" футбол клубы ертең польшалық "Ракув" клубымен Еурододада ойнайды деп күтіп жүрсем аналарың әлі ауылда жүр ғой. Ертең түнгі бірде матч. Ал, "Астана" Польшаға баратын билетті әлі шешпеген. Мыналар бізді бүкіл әлемге масқара жасамаса жарады. Жеребе 15 маусымда өтіп, қарсылас белгілі болған. Содан бері бір айдан аса уақыт өтті. "Астананың" жаңа басшылығы чартерлік ұшақты дайындамаған. Енді ертеңгі Нұр-Сұлтан-Варшава бағытындағы жолаушылар ұшағымен ұшпақшы. Нешеде ұшатыны, билет бар ма жоқ па ол жағы да белгісіз дейді. Варшавадан ары қарай Честноховоға дейін автобуспен барады. Ойынның үстіне кешігіп барса таң қалмаймыз.
Халықтың салығына қаржыландырылатын футбол клубының мынандай масқара жағдайда Еуро додаға жүрдім бардым қарауы сорақылық! Ескі Қазақстанның өзінде бұндай болмаған. Басшылық жауап берсін! Қазақстан Футбол Федерациясы шұғыл шара қолдансын! Басқаларына сабақ болу үшін!
623 views12:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 15:09:19 Қазақстан тағы да Ресей-Украина соғысында халықаралық даудың ортасында. Осы жолы "Қазмұнайгаз" күдікке ілініп отыр. Украинаға жанар-жағар май жеткізіп беріп отырған дейді. Ресейлік ФСБ осындай мәлімдеме жасады.
800 views12:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 11:05:28 "Северодонецк мен Лисичанскіде 11 мың басқыншының көзін құрттық". Украина Қорғаныс министрі Резников
513 views08:05
Ашу / Түсініктеме