Get Mystery Box with random crypto!

'Астана' футбол клубы ертең польшалық 'Ракув' клубымен Еуродод | Ongar_online

"Астана" футбол клубы ертең польшалық "Ракув" клубымен Еурододада ойнайды деп күтіп жүрсем аналарың әлі ауылда жүр ғой. Ертең түнгі бірде матч. Ал, "Астана" Польшаға баратын билетті әлі шешпеген. Мыналар бізді бүкіл әлемге масқара жасамаса жарады. Жеребе 15 маусымда өтіп, қарсылас белгілі болған. Содан бері бір айдан аса уақыт өтті. "Астананың" жаңа басшылығы чартерлік ұшақты дайындамаған. Енді ертеңгі Нұр-Сұлтан-Варшава бағытындағы жолаушылар ұшағымен ұшпақшы. Нешеде ұшатыны, билет бар ма жоқ па ол жағы да белгісіз дейді. Варшавадан ары қарай Честноховоға дейін автобуспен барады. Ойынның үстіне кешігіп барса таң қалмаймыз.
Халықтың салығына қаржыландырылатын футбол клубының мынандай масқара жағдайда Еуро додаға жүрдім бардым қарауы сорақылық! Ескі Қазақстанның өзінде бұндай болмаған. Басшылық жауап берсін! Қазақстан Футбол Федерациясы шұғыл шара қолдансын! Басқаларына сабақ болу үшін!