Get Mystery Box with random crypto!

Біз әлі кездесеміз Біз әлі кездесеміз,бірақ қашан?! Жабырқайм | Махаббат өлкесі...

Біз әлі кездесеміз

Біз әлі кездесеміз,бірақ қашан?!
Жабырқаймын осы ойға тұрақтасам,
Жалғыздық жырын жазып жүрмес едім,
Өзіңді ұнатпасам.

Біз әлі кездесеміз, бірақ қалай?!
Жанымда жүре алмадың жырақтамай.
Мендегі сабырлыққа салмақ салған,
Бітпейтін сынақтар-ай.

Біз әлі кездесеміз, бірақ қайда?!
Жауапсыз алам осы сұрақты ойға.
Өткен күн көңіліңде елес беріп,
Жаныңды жылатпай ма?

Көңілдің көгіндесің,құлат деме.
Естеліктер жаңғырып тұрад көне.
Алғашқы кездегідей алып ұшып
Біз әлі кездесеміз, бірақ неге?

Авторы: Дания Сәтбекқызы