Get Mystery Box with random crypto!

МЕН ДЕ... Өткеннен кеудеңде мұң қалды Бұзбайды ол - өмірдің қ | Махаббат өлкесі...

МЕН ДЕ...

Өткеннен кеудеңде мұң қалды
Бұзбайды ол - өмірдің қалыбын.
Жүрсің бе, мен жазған жырларды
Білдірмей оқумен әлі күн.

Сағыныш берілер жиі өңге
Аяқты тоңдырмас байпақтай.
Мен жаққа білдірмей күйеуге
Қарап бір жүрсің бе, байқатпай.

Бәрібір өшпейді санада
Мейлі жей берейін ел қамын.
Жырымнан сезіліп қала ма,
Ішінде әйтеуір сен барың.

Демеймін, ренжіме «кел баққа»
Сене бер, ашылмас сыр құты.
Шығара алмаймын мен жоққа
Болғанмен сол сезім ұрлықы.

Оңаша кездерде жылынып,
Ішімнен бұлықсып, наздандым.
Оқысаң жырымды тығылып
Мен де оны жасырып жазғанмын.

Авторы: Елубай Әуезов