Get Mystery Box with random crypto!

Б- ға Сен мені кінәлама! Өзіңдей мен ғашықпын бір ағаңа. Бақы | Махаббат өлкесі...

Б- ға

Сен мені кінәлама!
Өзіңдей мен ғашықпын бір ағаңа.
Бақытын айырбастар адамдар көп,
Сенің досың болмасын сыра ғана.

Сен маған өкпелеме!
Серісін сүйген сұлу жек көре ме?
Біз ешқашан бармаған, көріспеген,
Сырымды айтып отырмын Көктөбеге,
Шынымды айтым отырмын Көктөбеге.

Сен мені айыптама!
Жанарымда жарқылдар Жайық дала.
Екі-ақ адам жүзетін теңіз болса,
Екі-ақ адам еседі қайық қана.

Сен мені ұғасың ба?
Үмітім ұлы күнге ұласуда.
Сенің ағаң артатын сағыныштар,
Сені ғашық еткізді құба шыңға.

Сен мені кешір, күнім!
Ақылынан алжасты есім бүгін.
Кім маған дұрыс жолды нұсқар дейсің,
Келгенде шешімді күн.

Болсын десең жолың нұр, ісің дара,
Сен, қайыспа түңілер тұсыңда да.
Ал мен бәрін сүйемін, тек бір жанды
Ұмыту үшін ғана...

Авторы: Сәуле Нысанбек