Get Mystery Box with random crypto!

Өмірден таңдап тапқан дара бағым-ау, Қатулы қабағыма қарама м | Махаббат өлкесі...

Өмірден таңдап тапқан дара бағым-ау,
Қатулы қабағыма қарама мынау.
Сен шақырып,
Мен ылғи «бармаймын» деп,
Гүлден нәзік көңіліңді жараладым-ау.

Тағдыр — қатал. Көнуші ем үн шығармай сынға,
Болып алдым-ау бұл күнде қырсық әрқайсыңа.
Сенің орның басқадан бөлек қой, жаным,
Сөзімді тыңдай бермей, ұрсып алмайсың ба?

Сендей адам мен үшін анық көп дейсің бе,
Кештерімді қызық та, жарық та етпейсің бе?
«Бармаймын» дегеніме көне бересің бе,
Көздерімді тұндырып алып кетпейсің бе?!

Авторы: Күләш Ахметова