Get Mystery Box with random crypto!

Жан жарым бол, періштем. Гүл ерніңе тамшы болып тамайын, Таңғ | Махаббат өлкесі...

Жан жарым бол, періштем.

Гүл ерніңе тамшы болып тамайын,
Таңғы шық боп қабағыңа қонайын.
Ханға қимас ханшайымым келіссең,
Өмір бақи бас уәзірің болайын.

Сарайдағы сан мың жүрек тыз етсін,
Әрекеттен байқасын жұрт ізет шын.
Бас уәзіргә жаратпасаң сен егер,
Мәңгі бақи болайыншы күзетшің.

Тал бойыңа жарасады тарпаңдық.
Ал мен жүрмін қалжыраумен арман ғып.
Күнде өзің бой жазатын бақтағы,
Тағайындап қоя салшы бағбан ғып.

Сарайыңда сарбазың боп кезіксем,
Міне, қалқам, ұсынысым келіссең,
Не деп кеттім, сандырақтап тәйірі,
Жан жарым бол, періштем

Авторы: Айдар Сейдәзім