Get Mystery Box with random crypto!

Өткінші күнге жазылды өткен Жүректі езіп, жасыңды төкпе. Ғажап | Махаббат өлкесі...

Өткінші күнге жазылды өткен
Жүректі езіп, жасыңды төкпе.
Ғажап нұрыңды іздедім жерден,
не үшін сені жасырды көкке?

Өртеніп кете жаздайды денем,
Сағыну, күту аз қайғы деме.
Ғашық болуды жазған "Құдайың"
Бірге болуды жазбайды неге?!

Жұпарың аңқыр пейіштей керім,
Бұртия тартса мұң ішке демін.
Сезім отына қанаты күйген
Пенде емес,бәлкім періште дедім.

(Жаңғыра қалқып ғаламның зары,
Жазылмай кетер жарам бұл дағы:
Пенденің бәрі ібіліс емес,
Періште емес адамның бәрі.)

Осы ма бізге Ғұмырдың сыйы,
Күдікті қайтем құны бір тиын?!
Құшаққа басып сүйем деу оңай,
Қоштасып алып ұмыту қиын...

Ғажап нұрыңды жерден іздедім,
Не үшін сені жасырды көкке, айтшы...

Авторы: Бекзат Мерекенов