Get Mystery Box with random crypto!

Білтесін үміт-шамның, Білдірмей тұтаттың да. Үзігін үгіп жанны | Махаббат өлкесі...

Білтесін үміт-шамның,
Білдірмей тұтаттың да.
Үзігін үгіп жанның,
Жүйкеге жүк арттың ә...

Жалт бердің. Жарамады,
Жігерді құм еткенің.
Жанымды жаралады,
Салғаның жүрекке мұң.

Өртіңді өлең болып,
Өшірмей, өсірем деп.
Кей-кезде керең болып,
Бәр-бәрін... кешірем деп.

Жаралы жолбарыстай,
Сәтіңе куәдүрмін..!
Аз күндік алданыштай,
Сезімге құлақ түрдім.

Алапат тағдырыңды,
Ардақтап алақанда.
Жатқа айтып әр жырыңды,
Дұға еттім ала таңда.

Мендегі тәкаппарлық,
Таудан да еді биік.
Жүрекке жүрмес жарлық,
Басқаны қалсаң сүйіп.

Соңғы сөз... кетті батып,
...Жақындап нең бар еді.?!
Жаза алмас емші-уақыт,
Дертімді емде ал енді!

Авторы: Ғайникен Маралтайқызы