Get Mystery Box with random crypto!

Халімді сұрайсыз несіне? Онсыз да білесіз барлығын. Өткенді са | Махаббат өлкесі...

Халімді сұрайсыз несіне?
Онсыз да білесіз барлығын.
Өткенді салмаңыз есіме,
Ашпаңыз сезімнің сандығын.

Мен Сізді сүйгенмін... Әлі де,
Өлең қып өреді қаламым.
Сіз жайлы айтқым кеп бәріне,
Жалт ете қалады жанарым.

Халімді сұрайсыз әлсін-әл,
Жып-жылы күй кешіп жүремін.
Сізде де бір сезім бар шығар,
Әшейін айтпайсыз, білемін.

Әріге бармайды дәтіміз,
Әуелеп тұрады сары нұр.
Жауапсыз болса да хатыңыз
Хал сұрап тұрыңыз бәрібір.

Авторы: Асылзат Арыстанбек