Get Mystery Box with random crypto!

NURLY.ISLAM

Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM N
Telegram арнасының логотипі nurlyislam — NURLY.ISLAM
Арна мекенжайы: @nurlyislam
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 7.09K
Арнадан сипаттама

🌙Ислам діні
👑Әбу Ханифа мазхабы
🇰🇿Қмдб Ұстаздары
📸Ой саларлық суреттер
🎥Пайдалы бейнежазбалар

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 16

2021-12-03 06:24:20
Жұма мүбәрак болсын!

Жұма күнінің сүннеттерінің бірі - садақа беру.
1.3K views03:24
Ашу / Түсініктеме
2021-12-01 10:31:27 Қазіргі қазақтар адам өлсе, туысым өлді деп қайғырмайды. Қайғырса да "Садақаны қалай өткізем", "соятын малды қайдан табамын", "дастарханға не қоямын" деген қайғы оны жеңіп кетеді. Бір жапырақ нанға зар болып отырса да "жұрттың" сөзінен қашып қарызданып болса да, сол садақаны өткізуге тырысады. Садақадан кейін белшеден батқан қарызына өтейтін ақша таппай қайғы үстіне қайғы жамайды. Өлім байдың малын шашады, кедейдің артын ашады деген осы болса керек, сірә... Бір кем дүние....

Сырым Эфэнді (зәууәжәһуллаһу бисәният)
588 views07:31
Ашу / Түсініктеме
2021-11-28 15:19:20
You Tube
36 views12:19
Ашу / Түсініктеме
2021-11-28 15:01:04 NURLY.ISLAM pinned « БІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР! Instagram • Youtube»
12:01
Ашу / Түсініктеме
2021-11-28 15:00:37 БІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР!

Instagram • Youtube
112 views12:00
Ашу / Түсініктеме
2021-11-26 17:35:40 وعن مُعَاذٍ ، أَنَّ رَسُول اللَّه ﷺ، أَخَذَ بِيَدِهِ وَقالَ: يَا مُعَاذُ واللَّهِ إِنِّي لأُحِبُّكَ، ثُمَّ أُوصِيكَ يَا مُعاذُ لاَ تَدَعنَّ في دُبُرِ كُلِّ صلاةٍ تَقُولُ: اللَّهُم أَعِنِّي عَلَى ذِكْرِكَ وَشُكْرِكَ، وحُسنِ عِبَادتِك
Намаздың рахатын табуға құлшылық ғибадаттарды ықыласпен орындауға көп пайдасы тиеді ин шаа Аллаһ. Бұл хадис мусалсал болып жеткен.
Хадистің бір керемет түрі бар мусалсал деген...
Ол деген Пайғамбарымыздан (ﷺ) бастап бізге дейін белгілі бір көріністе жетуі...
Бұл хадисті риуаят еткен кісілердің барлығы бір біріне мен сені Аллаһ үшін жақсы көремін жəне əр намаздан соң осы дұғаны айтып жүр деп айтатын болған.
Муғаз радиаллаһу Анһу да өзінен кейінгі риуаят еткен кісіге мен сені жақсы көремін деп пайғамбарымыз (ﷺ) үйреткен дұғаны үйреткен екен:
اللَّهُمَّ أَعِنِّي عَلَى ذِكْرِكَ وَشُكْرِكَ وَحُسْنِ عِبَادَتِكَ

«Аллахумма а‘инни ъаля зикрика уа шукрика уа хусни ъибадатика»,

«О Аллах, маған Өзіңді зикр етуге (еске алу, ұлықтауға), шүкіршілік етуге, тиесілі түрде құлшылық етуге көмектес!»
781 views14:35
Ашу / Түсініктеме
2021-11-26 09:08:05
518 views06:08
Ашу / Түсініктеме
2021-11-26 06:04:28
Жұма мүбәрак болсын!

Жұма күнінің сүннеттерінің бірі - садақа беру.
2.5K views03:04
Ашу / Түсініктеме
2021-11-26 04:21:16 Адамдарды Аллаһ тағала жаратты, ал Иман мен күпірлік бұл адамдардың таңдауы. Балиғатқа жеткен кезде өзі таңдайды. Бір отбасыда әкесі де анасыда Аллаһқа мойынсұнған мұсылман болып, бірақ баласы күпірлікте болуы мүмкін, себебі балиғатқа жеткен кезде әр адам өзі таңдайды. Бірақ Аллаһ тағала біледі, кімнің мұсылман ал кімнің дінсіздікті таңдайтынын біледі. Білу мен мәжбүрлеу екеуі екі бөлек нәрсе.
209 viewsedited  01:21
Ашу / Түсініктеме
2021-11-22 05:43:14 #ой

өкінішке орай, Алла рұқсат еткен бірақ ұнамсыз амал көптеп кездесіп жүр.
Ол - ажырасу.

Ресми тіркелген некенің жартысы бұзылып жатыр. Ажырасу көбейгесін сәйкесінше себебі көп.

Соның бірі ата-енесі келінін жақтырмай баласын келінге қарсы қою.
Баланы жастайынан болашақ “күйеу бала” қылып өсірмеген ата-ананың келіннен үлкен үміт күтетініне таң қалам.

Баласы жарытып мал соя алмайды, үйдің тірлігіне де ебі жоқ, қырып жойып ақша тауып жатқаны шамалы, таңмен таласып ұйқыжан тұрмайды, күніге өзін есепке тартпайды да. қысқасы, “көптің бірі...” болып жүрген бала.

Ал ол алып келген қыз қайдан Ұлпандай келін болады?

келіншегіңіз сіздің үйге қалай қызмет етуін қаласаңыз, сізде солай қоғамға қызмет етіңіз.
393 views02:43
Ашу / Түсініктеме