Get Mystery Box with random crypto!

Облыста баға тұрақтандыру мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры | Жаңалықтар🇰🇿

Облыста баға тұрақтандыру
мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс
істейді. Қазіргі таңда мұнда 796,2 тонна өнім бар.
Атап айтқанда, 159,9 тонна - бiрiншi сұрыпты
бидай ұны, 137,7 тонна - қарақұмық жармасы,
25,9 тонна - күріш, 87,6 тонна - кант, 385,2 тонна
ӨСIМДIК майы бар.
Әлеуметтік дүкендер мен сауда орындарындағы
өнімдердің бағасына күн сайын мониторинг
жүргізу мақсатында қоғам тарапынан бекiтiлген
жауапты қызметкерлермен тұрақты бақылау
жасалады. Бүгінде барлық әлеуметтік дүкендерде
19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары
белгіленген бағада сатылуда. Бұл туралы Өңірлік
коммуникациялар қызметінде әлеуметтік маңызы
бар азық-түлік тауарларының бағасын
тұрақтандыру бағытындағы атқарылып жатқан
жұмыстар турасындағы брифинг барысында
жауапты сала өкілдері мәлімдеді.
«Бүгінде халықтың күнделікті тұтынуындағы
азық-түлік тауарларының ішінде тұз бен күріш
ғана өңірімізден өндiрiледi, қалған 17 өнім
жартылай және толықтай импорт арқылы
әкелінеді.
Қ.Тоқаев