Get Mystery Box with random crypto!

sol_jagalau_kzo Алматы облысында тунде тауда 19 бен 16 жастағы | Жаңалықтар🇰🇿

sol_jagalau_kzo Алматы облысында тунде тауда
19 бен 16 жастағы жігіт пен кыз адасып кетіп,
көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат
агенттігі.
Өз күштеріне қарамастан тауға күн кешкіргенде
шығып кеткен жастарға құтқарушылардың
көмегіне жүгінуге тура келді.
"2022 жылдың 20 шілдесінде Алматы облысы
Талғар ауданында, Ақбұлақ тау курорты
аймағында 19 жастағы жігіт пен 16 жастағы қыз
аспалы жолмен таудың бiраз жерiне дейiн жетіп
алып, кейін Рахат шыңына дейін жаяу көтерілуді
жоспарлаған. Олар түстен кейiнгi мезгiлде
сапарларын бастап, көздеген межеге жеткенде
кеш болып, қараңғылық басталып, қыз бен жiгiт
төменге түсу тік және қиын болатынын түсiнген",
- делінген хабарламада.
Олар Республикалык жедел құтқару жасағына
телефон соғып, көмек сұраған.