Get Mystery Box with random crypto!

Narikbi LIVE

Telegram арнасының логотипі narikbi_live — Narikbi LIVE
Арна мекенжайы: @narikbi_live
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 20.56K
Арнадан сипаттама

🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
💳 Қолдау: 4400 4301 0531 4071
📍 Amsterdam, Netherlands

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 46

2021-11-28 04:05:10
@narikbi_tech
752 views01:05
Ашу / Түсініктеме
2021-11-28 04:00:33 Narikbi TECH

Достар, мен қазіргі күні әлеуметтік желіде подкаст авторы ретінде танылсам, кәдімгі өмірде software engineer, яғни IT маман болып жұмыс істеймін.

Мен алғаш рет кодты 12 жыл бұрын мектепте жазған екенмін. Turbo Pascal деген тіл болатын, қазіргі күні көп программисттер есінде де жоқ шығар. Иә, біз сондай динозаврмыз.

Кейін универ мен жұмыста С/C++, PHP, Java, Objective-C, Swift, Typescript.. және тағы басқа есімде жоқ тілдерде жаздық. Түрлі технологияларды көрдік. Ойланып қарасам, азды көпті тәжірибе жиналып қалыпты.

Мен осы жиған терген тәжірибеммен бөлісуге тырыстым. Бір уақыт тіпті KBTU сабақ бердім. Сол студенттерім талай жетістікке жетіп жатыр, Аллаға шүкір.

Енді, осыны онлайн форматта жасағым келеді. Су жаңа @narikbi_tech каналын ашып қойдым. Осы жерде тәжірибеммен, IT жаңалықтармен, жұмысқа тұру және курстарым жайлы жазатын боламын.

Тағы бұйырса, апта сайын Big Tech компанияларда жұмыс істейтін азаматтармен сұрақ-жауап тікелей эфир жасауды жоспарлап жатырмын. Общм, талай дүниені жасауға ниеттеніп отырмын.

Егер сіз IT және TECH әлемінде ең сапалы қазақ тілді ақпарат алғыңыз келсе, сізге каналға жазылу must.

https://t.me/narikbi_tech/3
948 views01:00
Ашу / Түсініктеме
2021-11-27 01:21:27 Ал, қатысқыларыңыз келсе, шарт мынадай. Осы посттың астына немесе маған жекеге @narikbi келесі ақпаратты жазып жіберіңіз:
1. Есіміңіз, жасыңыз, тұрып жатқан қалаңыз
2. Оқыған университетіңіз, мамандығыңыз.
3. Қай салада жұмыс істейсіз, қанша жыл тәжірибеңіз бар
4. Қандай қоғамға өзекті тақырыпты қозғағыңыз келеді?
5. Бар болса instagram аккаунтыңыз

Жауап бергеннен соң, тақырыптың өзектілігімен мені қызықтыра алсаңыз, мен сізбен хабарласамын. Сол үшін креативно жазуға тырысыңыз ;)
170 viewsedited  22:21
Ашу / Түсініктеме
2021-11-27 01:20:27 New heroes

Подкастты тұрақты тыңдап жүрсеңіздер, мына дүниені байқаған боларсыздар - әр қонақ өз мамандығының шебері, майталманы. Одан бөлек, мүмкін әлеуметтік желіде танымал болуы мүмкін. Барлығы емес әрине. Кейбір қонақтарды менен басқа ешкім танымағандай болды.

Алайда, танымал болмаса да, өте пайдалы істер жасап, айтары көп, елге қызмет етіп жүрген азаматтар да аз емес қой. Оларға бір мүмкіндік бергім келеді. Кезінде өзім де солардың қатарында болдым. Осыны оқып тұрған сіз де соның қатарында шығарсыз.

Сондықтан, мынадай ұсынысым бар. Айына бір рет біз өз мамандықтарының шеберлері, қызық әрі ерекше ойлары бар тыңдаушыларымен подкаст шығарып тұрамыз. Форматы - бір эпизодта 3-4 қонақпен сұхбат болады. Әр қонақ өз мамандығы жайлы және ол саланың ерекшеліктері, қоғамға пайдалы біз білмейтін мәселелерді көтеріп ашып береді.

Бұдан бәрі ұтады. Сіз бен біз жаңа тың ақпарат аламыз, әрі қонақтар да өз ойларын жеткізе алады. Халық арасында қаншама танылмаған тұлғалар мен батырлар бар. Мүмкін солармен сұхбат жүргізу арқылы халық та өз батырларын табатын шығар.

Бұл жоба мен үшін тым ерекше. Бұл жерде мен оқушы секілдімін. Ал қонақтар менің ұстаздарым. Ұстаздарым көп болған сайын маған жақсы емес пе?
187 viewsedited  22:20
Ашу / Түсініктеме
2021-11-25 16:25:03
Ертең осылай болып жүрмеңіздер, ок?)

Меніңше, Black Friday деген консюмеризмның шыңы секілді. Көбіне адамдар өздері кейін қолданбайтын заттарды алып жатады.

Оған тағы себеп - FOMO сезімі. Оны feeling of missing out, яғни бір нарсені жоғалтып жатқандай сезімде болу деп түсіндіреді. Мысалы, “қазір алмасам, ертең өсіп кетеді де, өзіме обидно болады” дегендей.

Өте алдамшы сезім. “Өзгелер алып жатыр, мен неге алмаймын?” деп те алдануға болады. Бұл адамды түрлі қажет емес әрекетке апарады.

Бұл сезімді басу үшін түрлі техникалар бар. Менің лайфхакым - ешқашан бірден сатып алмаймын. Ең болмаса кешке дейін, лажы болса бірнеше күн күтемін. Егер сезімім тура солай басылмаса - аламын.

Ал егер олсыз да жүре беруге болатынын түсінгенде, оны ойдан шығарып тастаймын. Бұл жерде қажеттілік пен қалауды ажырата алу қажет.
2.0K viewsedited  13:25
Ашу / Түсініктеме
2021-11-25 12:43:39 Іштарлық...
Күншілді риза қыла алмайсың. Босқа шаршама. Себебі күншілді бойыңдағыдан немесе қолыңдағыдан айрылу ғана разы етеді. Негізін ойлап байқасаң күншілдің дұшпандығы саған емес, саған сол нығметті берген Аллаға болып тұр. Сондықтан күншілге басыңды қатырып әуре болма. Шамасы жетсе Алламен алыссын..

Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
Алла сіз бен бізді күншілдіктен сақтасын!
Күншілдердің іштарлығынан сақтасын!

@bauirjanaliuli каналынан алынды
2.1K views09:43
Ашу / Түсініктеме
2021-11-17 14:56:07 Бүгін Алматыда жапалақтап қар жауып жатыр. Үйде отырып, шай қойып, пледке оранып кино көретін mood екен.

Осыған орай, сізге соңғы кезде көріп, ұнатқан фильм, сериал туралы айтып, бөлісіп отырайық.

Мынадай форматта:
- Фильмның аты, жанры (комедия, драма, etc), қай жылы түскен (егер білсеңіз).
- Шығарманы не үшін көру қажет деп ойлайсыз?
- Қай жерде/платформада көрдіңіз? (netflix, кинотеатр, etc)
- 10 баллдан қанша бересіз?

Ал мен бастайын:
- Французский вестник. Приложение к газете «Либерти. Канзас ивнинг сан», комендия жанры, 2021.
- Бұл кино эстетикаға толы. Жеңіл комедия. Француз фильмдеріне сәйкес әзілі бар. Ең ұнаған тұсы - операторлық жұмыс. Қарап тұрып, көзбен ләззат алып отырдым. Қатты терең мағына болмаса да, актерлік жұмыс, сценалар мен декорациялар өзін ақтады.
- Кинотеатрда қарадым.
- 7/10

Ал енді сіздер
1.4K views11:56
Ашу / Түсініктеме
2021-11-13 14:34:47 Narikbi LIVE pinned « Episode #42. Talk (w/ Danday Amokachi): Well-being Салем достар, Бүгін эпизодта біз Данияр Кабдолла ағамызбен көптеген well-being тақырыбына қатысты сөз қозғап, ой бөлісіп шықтық. Бізді қолдау Каспи: 4400 4301 0531 4071 (Нәрікби М.) Подкаст тыңдау…»
11:34
Ашу / Түсініктеме