Get Mystery Box with random crypto!

Color grading Біз соңғы кездері Жасанды Интелекттің (AI) рево | Narikbi LIVE

Color grading

Біз соңғы кездері Жасанды Интелекттің (AI) революциясын көрудеміз. ChatGPT-дің берген жауаптарымен таң қаламыз. Midjourney салып берген суреттеріне қарап сүйсінеміз. Расымен, бұл бір жаңа технологиялар үлкен өзгеріс алып келері сөзсіз.

Бүгін жұмаға бара жатыр мынадай бір ой келді. Біз подкаст түсіруде кәсіби камераларды қолдануға тырысамыз. Олардың бір ерекшелігі - түстерді жеткізе алу қабілеті. Камераның деңгейі өскен сайын түстерді де көп көре бастайды. Ал оның түс жеткізе алатын қабілетіен ашу үшін біз видеоны түссіз, боялмаған форматта түсіреміз.

Яғни, видеода нақты бір түс болмайды. Ол түстерді біз кейін монтаж үстінде "бояймыз". Сонда, түстер ашылып, қанық әрі көзге ұнамды болады. Негізі, оны ағылшынша color grading деп те атайды. Ютубтан іздеп көрсеңіз болады. Бұл оңай жұмыс емес. Үлкен жобаларда онымен айналысатын бөлек мамандар болады.

Әдетте, сіз айфонға видео түсірсеңіз осы color grading-ті телефоныңыз өзі жасайды. Яғни, операциондық жүйе осы түсті дәл осылай көрді деген сөз. Сол үшін де әр телефон видеоны әрқалай түсіреді. Кейбірі суық түсті, кейбірі жылы түсті болады дегендей.

Енді бізге қарайықшы. Біздің көзіміз бен миымыз осы color grading-ді өзі жасайды. Көз қоршаған ортадан ақпаратты қабылдап, миымыз қорытып, бояп, бізге әдемі суретті лезде береді. Ешқашан, ешқандай камера мен жасанды интеллект сіздің көзіңіз көретін сурет пен түстерді бере алмайды. Ол мүмкін емес.

Өйткені, оны бір дизайнер, программист, инженерлер емес, Құдай Тағаланың өзі жасаған. Міні жоқ. Осыны ойланып, біз неге сонша ChatGPT-ге таң қалып, осы құдыретке таң қалмаймыз? - деген ой келді бүгін.

Ойланған адамға әрбір затта Жаратушының қалдырған іздері мен дәлелдері бар дейді ғой. Соны көре білетін көз керек, әрине. Сол үшін шығар Құранда: "Көздер соқыр емес - алайда кеудедегі жүректер!" (Хадж сүресі 46 аят) деп айтылған.

Жұмадағы тілегім - бастысы, жүректеріміз соқыр болмасын. Амин.