Get Mystery Box with random crypto!

European Ramadan Соңғы жылдары халықаралық ортада жүргеннен с | Narikbi LIVE

European Ramadan

Соңғы жылдары халықаралық ортада жүргеннен соң әр түрлі ұлт пен мәдениет өкілдерін көремін. Әсіресе, рамазан кезіндегі еуропалық мұсылмандарды көрген қызық екен.

Менің бір байқағаным - көп халықтарда рамазанға арнайы тағамдары болады екен. Мен оны әсіресе үнділерден көрдім. Үндістан елі өзіңінің ерекше тағамдарымен танымал ғой. Әлемнің қай жеріне барсаң да үнді ресторанын табасың.

Кеше менен үнді әріптесім келіп: сендер рамазанға қандай арнайы тамақ дайындайсыңдар? - деп сұрады. Сөйтсем, бізде арнайы тамақтан тек Наурызға көже ғана бар екен ғой. Мен өз басым ауылда сәресіне айран не сүт қосылған тары жейтін едік. Басқа ештеңе айта алмадым.

Рамазанда араб әріптестерімнің көбі елдеріне баруға тырысады. Амстердамда рамазан мүлдем сезілмейді - дейді олар. Келісем, расымен рамазанның вайбы сезе алу қиын. Бастапқыда сол үшін қиналатын едім. Күніге ауызашарға шақырып, кейін тарауихқа жиналып баратын достарың жоқ. Сағаттап оқитын тарауих та жоқ.

Осында келгелі, қысқа тарауихтың не екенін біле бастадым. Мысалы, түріктердің мешітіне барсаң, құптан мен тарауих намазы небары жарты сағатта бітіп қалады. "Недогон" болып жүресің. Алайда, кейін түсіне бастадым. Мешітке жиналатын көпшілік - қариялар. Олар ұзақ оқи алмайды.

Біздегі мешіттердің басты ерекшелігі - жастар. Алматыда біз намаз аяқталғанда дұға жасайық деп қария кісіні іздеп кететін едік. Тағы бір ерекшелік, біздің мешіттерде жиналып, бір адам ортақ дұға жасайды. Осында әр адам бөлек дұға жасап тұрады. Индивидуализмді тіпті осы жерден де көруге болады.

#ramadan2023