Get Mystery Box with random crypto!

Осыдан 3 жыл бұрын қай жерге барсам да, Darkhan Juzz әндерін т | Narikbi LIVE

Осыдан 3 жыл бұрын қай жерге барсам да, Darkhan Juzz әндерін тыңдап, дәріптеп жүремін деп жазып едім. Ол әлі күнге дейін солай. Дарханның әндерін жатқа білемін.

Мен подкаст бастағалы бері Дарханды подкастқа біздің қонақ ретінде көргім келетін еді. Көз алдымызда Алматы көшелерінде, Арбатта ән айтып жүрген баланың, қазақ музыкасының легендасына айналғанын көрдік.

Біз кейінгі подкастта Санжар ағамен осы "өлім өнерін" көп талқылап едік. Былай қарасаң, біздің күнделікті проблемаларымыз, адамдарға реніштеріміздің бәрі біз кеткеннен кейін сондай түкке тұрмайтын, болмашы зат болып қалады. Бір бірімізді бағалай жүрейік.

Қош бол, легенда. Ал Дархан үшін Фатиха оқып жіберейік.
Иманды болсын.