Get Mystery Box with random crypto!

Қаңтар Дәл бір жыл бұрын мен тура осы телеграм каналда Қазақ | Narikbi LIVE

Қаңтар

Дәл бір жыл бұрын мен тура осы телеграм каналда Қазақстаннан жіберіп жатқан ақпараттардан шок алып осында жазып отырдым. Ол күндері мен Амстердамдағы пәтерімде жалғыз едім.

Менің ойларыммен бөлісетін дәптерім осы телеграм канал еді. Тұла бойым үрей мен уайымға толы. Көңіл күй мен аппетит жоқ. Ұйқысыз түндер. Интернет өшкен кезде тіпті бұл сезімдер күшейе түсті.

Мен сол күндері жұмыста жиналыста отыр едім. Кезекті бір видеоны көрген сәтте, шыдамай жылап жібердім. Өзімді елінен айырылға жетім бала секілді сезіндім.

Білесіз бе, осы бір жыл өтсе де, сол сәттер әлі көз алдымда. Ұмыту мүмкін емес. Бұл оқиғаның эпицентрде болған адамдардың көз алдынан ол ешқашан кетпес. Алайда, елімізде бұл оқиғаны біздің билік тіпті оны еске салғысы келмейтін секілді.

Кейде маған бізге тұтас ел болып психологқа бару керек па екен деген ой келеді. Ал психология бойынша болашаққа қадам басу үшін өткеніңді саралап, қателерімізді мойындап, сабақтар алу қажет.

Қаңтар - бір сәтте еліміздегі барлық проблемаларды паш еткендей болды. Диагноз қойды десек те болады. Алайда, бұл оқиға біткен соң халық арасында бір өзгерістерге деген ерекше құлшынысты көрдім.

Біз референдум жасап, конституция өзгертіп, президентті қайта сайлап, талай министр мен депуттарды ауыстырып үлгердік. Алайда, жылдың соңына қарай бұл өзгерістер де түбегейлі болып көрінбейді.

Ең бастысы - қаңтар оқиғасы қаншама айыпсыз еліміздің азаматтарын арамыздан алып кетті. Алла жандарын жаннатық қылсын. Бір жыл бұрын ол кісілер әділетсіздікке қарсы болу үшін шыққан еді.

Алайда, олар қайта оралмады. Сол кісілердің өмірлері еліміздің бір өзгерісіне алып келсе деймін. Үмітім осы.

Ұмытпаймыз. Ұмытылмайды.
#qantar2022