Get Mystery Box with random crypto!

Соңғы жылдары қашықтықта жұмыс істеу (remote job) тренді қарқы | Narikbi LIVE

Соңғы жылдары қашықтықта жұмыс істеу (remote job) тренді қарқынды дамып келеді. Оған ең қатты әсер еткен 2020 жылғы пандемия шығар. Басында үйреншіксіз болғанымен, бұның өзінің көп артықшылықтары бар.

Компания үлкен офисқа қаржы жұмсамайды. Есесіне, әлемнің кез-келген жерінен керек маманды жалдай алады. Ал, жұмыскер керісінше үйде отырып-ақ әлемнің алпауыт компанияларына жұмыс істеуіне болады.

Алғаш рет мен осыны Қазақстанда 2018 жылы жасап көрген едім. Мен сол кезде Toptal.com атты әлемдік фриланс платформасына өтіп, жұмыс істей бастадым. Ең күшті тұсы - ақшаны АҚШ долларымен алдым. Бірақ, уақыт жағынан кішкене үйрену керек болды. Жобалардың басым көпшілігі 6-12 сағат айырмашылығы бар елдер еді.

Негізі осылай жұмыс істесең шетелде істейтін адамдардан да көп аласың. Себебі, Қазақстандағы өмір сүру құны (cost of living) батыс елдеріне қарағанда қайта төмен. Ал жалақың солармен "почти" бірдей.

Оны numbeo.com сайты арқылы тексеруге болады. Осы жүрде барлық қалалар бойынша бағалардың статистикасын көрсе болады. Мына сілтемеде Алматы мен Амстердамды салыстыра аласыз.

Мен осыны айтып отқан себебім, remote арқылы біз елден кетпей-ақ мықты жобаларды жасай аламыз. Енді қандай жұмыстар жасауға болады деген сұрақ түседі.

Оның бірі - no code платформаларда тапсырыстар жасау. Мысалы, welovenocode.com платформасы арқылы тапсырыстарды доллармен қабылдауға болады. Бұл жерде жобалар көбіне американдық стартаптар мен студиялардан болады. АҚШ долларында төлейді. Қызық иа?

Біз осыны @narikbi_academy no code programming курсында үйретеміз. Бір айдың ішінде осындай сайттарды жасауды біліп, тапсырыс қабылдап, жұмысыңызды сатып үйренесіз.

Тіркелу осында: https://fircom.kz/nocodelearning