Get Mystery Box with random crypto!

Grocery spendings experiment Мен Қазақстанға шамамен әр жарты | Narikbi LIVE

Grocery spendings experiment

Мен Қазақстанға шамамен әр жарты жыл сайын келеді екенмін. Осылай ары бері ұшып жүрген сайын екі елдің айырмашылығын көбірек байқайды екенсің.

Оның бірі - бағалар. Мен алғаш кеткенімде Амстердамдағы бағалар сұмдық қымбат болып көрінетін. Себебі, бәрін тенгеге ауыстыра беретінмін. Алайда, жергілікті жалақыға шаққанда бәрі орынына келеді.

Мысалы, менің жеке зерттеуім бойынша голландықтар азық-түлікке өз жалақысының 7-10% жұмсайды екен. Бұл орташа есеппен. Кейін осы бағаларға үйренген кезде Алматының бағалары тым арзан көрінетін болдым.

Қызығы - мен Алматыға келген сайын бағалардың өсіп жатқанын байқаудамын. Бір соммаға жарты жыл сайын біздің супермаркеттерде азырақ тауар алатынымды байқадым. Кеше көз алдымда бір апайдың бір пакет тауарға 15мың теңге төлегенін көрдім.

Ойланып қарасам, бұл Амстердамнан кішкене ғана арзан. Алайда, бұл екі елдің жалақысын салыстыру мүмкін емес. Numbeo сайтына сүйенсек, Алматыдағы орта жалақы 418.63 € (214,776.81 ₸), Амстердамда 3,564.60 € (1,828,808 ₸). Бұл 8,5 есе көп.

Алайда азық-түлік бағаларын алсақ, Амстердам 1,5x есе ғана қымбат екен. Бұл өте қорқынышты статистика. Осыған орай, сіздермен қосылып зерттеу жасағым келіп тұр.

Сізден екі сан керек: айлығыңыз (salary) және айына азық түлікке жұмсалатын ақша (grocery_spending).
Кейін осы екі санды бір біріне бөліңіз (delta = grocery_spending / salary).

Мысалы, salary=500,000 тг, grocery_spending=50,000 тг, delta = 50,000 / 500,000 = 0.1 (10%).

Яғни, бұл мысалда азық түлікке айлықтың 10% жұмсалады. Осыны есептеп, төмендегі опросқа жауап тастап кетіңіз.