Get Mystery Box with random crypto!

Салем достар, мен каналда пост жазбағалы тура 20 күн өтіпті. Ж | Narikbi LIVE

Салем достар, мен каналда пост жазбағалы тура 20 күн өтіпті. Жаңалықтарым көп.

Ең бастысы - мен үйлендім. Отбасылы өмірдің қызығын енді көріп жатырмын. Тойды ұйымдастыру өте көп уақыт пен энергия алады екен. Шүкір аман есен бұны да өткіздік. Ол туралы бөлек жазу керек-ау.

Қазір туған қалам Алматыдамын. Өте сағынып қалыппын. Қаңтар оқиғаларынан кейін бірінші рет қаланы көрдім. Акимат ғимараты әлі де қорқынышты көрінеді. Алаңдағы ғимараттарда әлі де оқтардың ізі тұр.

Уақытша келсем де, жоспар көп. Соның бірі - осында рамазанды өткізу. Жамағатпен ораза ұстауды өзі бөлек екен. Оны елден жырақ кеткенде ғана сезіндім.

Тағы, бұйырса жақында алғаш ютуб подкасттарым шыға бастайды. Алматыда уақыт бос өткізбей подкасттарды да жазуды жоспарлап жатырмын. Қонаққа кімді шақырайын?

Қысқаша осы. Енді жиі жазып тұруға тырысамын.
Айтпақшы, комменттерді аштым.