Get Mystery Box with random crypto!

Mo'ldir sezm

Telegram арнасының логотипі moldir_sezm — Mo'ldir sezm M
Telegram арнасының логотипі moldir_sezm — Mo'ldir sezm
Арна мекенжайы: @moldir_sezm
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 73
Арнадан сипаттама

'Шынайы шимайдан шумаққа'

Ratings & Reviews

1.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 2

2022-02-26 09:49:35 'Біз кішкентай нәрсеге қараймыз деп, үлкен нәрсеге назар аудара алмай қаламыз'
11 views06:49
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 08:53:26 Қауышып сан мың сезім,
Күн мен түн теңелгенде,
Көктем кеп, көңілденіп,
Жер беті көгергенде.
Оралып жыл құстары,
Табиғат оянғанда.
Аспаннан жұлдыз жауып,
От болып боялғанда.
Тірішілік атаулыны
Ала таң еркелетіп,
Әлдилеп адамзатты
Қызарып кеш батқанда,
Біз мүмкін кездесерміз.
34 views05:53
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 08:53:17 Бәлкім, карантин тоқтағанда, Вирусқа вакцина табылғанда, Ендігі қашықтық болмағанда Біз кездесерміз? Бәлкім, адамдар үйлерінен шыққанда, Ауырғандар аман қалғанда, Дәрілер мен бетперделер табылғанда, Біз қайта жолығармыз? Мүмкін антидене нық орныққанда, Жөтел…
36 views05:53
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 08:38:41 - Сабағын 5-ке оқитын бала неден қорқады? Емтиханды оңай тапсырып шығады ғо. Онда неден қорқады? -5 алмай қалудан.
37 views05:38
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 07:24:09 Универдің шуы мен уында жүріп,
Даладағы қарға қарап, үңіліп,
Армандайсың болғанын ішкі дүниеңнің
Жауған қардай нәзік, үлбір,
Жұмсақ және кетеріндей ерітіп.
Қалайсың мәңгі жүруді
Осы күйдің артынан жүгіріп.
Қалайсың әлемде ұзаққа орнағанын
Тыныштық, бейбіт пен қуаныш бірігіп.

P.S. Астанадағылар, далаға қараңыз
42 views04:24
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 16:44:48 Өзгертуге тырысамын,
Бірақ өзгерістер қырсығады.

Жақындар қорғаштап,
Көмекке тез асығады.

Іштен қалау болмаған соң
Дене қалай бағынады?

Өтіп кеткен дүниеге
Өлген қалай оралады?

Шын ниетті көздер емес
Хаттар қалай ұққызады?

Келсе-дағы 'жоқ' дегің,
'Иа' десе, не болады?

Ашу қысса, тісті ұстап,
Ауыз жабу — не тұрады?

Істеп алып, өкінгеннен
Кейде
Істемеу абзал іс сыңайлы.
17 viewsedited  13:44
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 16:25:53 Сұрағын, айта алмаймын жауабын.
Ұғынбадым,
Өмір — қызық, бірақ сен тек құламағын.
Ақыл болсын айырылмас жарағың.
Ашу басса да орнын, алданбағын.
Күлген бетім шағылуда айнадан, қарағын,
Көре алмайсың өртенсе де іштегі қамалым.
Себебі өлең — менің мұң шығарар амалым.
Сыртым — күлкі, ішім — дүлей қара күл шамалы,
Күйігін байқаймысың, сеземісің, қарағым?
23 views13:25
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 13:14:12 Кейде өміріңде сондай адамдар болады. Өздерінің кінәсін мойындамайды. Ондайлармен өзің үшін ғана тек "жақсы" деп құтыла аласың. Бірақ ондай адамдар саған қандай болмау қажет екенін үйретеді.

И бұйырса сен болашақта әділдікті өзің орнататын боласың.

Бірақ әділдікті түсінбей, адамдар өзгермейм и мойындамайм десе, жалғыз өзіңе оны өзгерту қиын болады. Әсіресе, қолдарында билік бар кезде.

(С) Меру
33 viewsedited  10:14
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 10:43:48 Бір күні мен әділдік іздейм деп өлем бар ғо
27 views07:43
Ашу / Түсініктеме
2022-02-23 13:08:26 Тең — теңімен.
32 views10:08
Ашу / Түсініктеме