Get Mystery Box with random crypto!

Айнұр Алдаш

Telegram арнасының логотипі mkainuraldash — Айнұр Алдаш А
Telegram арнасының логотипі mkainuraldash — Айнұр Алдаш
Арна мекенжайы: @mkainuraldash
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.05K

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-12-02 13:34:54 Балаларға сапалы уақыт бөлу үшін не істеу керек екенін, сізден күтетін әрекеттерін білу негізі қиын емес.

Жәй ғана оның болмысына үңілсеңіз болғаны. Ал егер де ол да қиынға соғып жатса, стористе талдау жасап қойдым.

МАХАББАТТЫҢ 5 ТІЛІ тақырыбында кішігірім талдау жасадық:

https://instagram.com/stories/ainur.aldash/2984059129475652786?utm_source=ig_story_item_share&igshid=YmMyMTA2M2Y=
1.9K viewsБалнур, 10:34
Ашу / Түсініктеме
2022-12-02 12:13:51
Сәлем, ханымдар!

Стористе балаға арналған сапалы уақыт туралы айтып жатырмын. Инстаграмға кіріп, көрсеңіздер болады. Ал сіз балаңызға сапалы уақытты регулярно бөлесіз бе?
Anonymous Poll
68%
Жоқ
32%
Иә
165 voters1.7K viewsБалнур, 09:13
Ашу / Түсініктеме
2022-11-04 13:37:07
Енді, әр аптаның жұмасында осы каналда "нейро даму" күні болса, қалай қарайсыздар? Оқырмандарыма ТЕГІН жаттығулар мен ойындарды салатын боламын
Anonymous Poll
80%
Супер
20%
Күтіп жүретін боламын
0%
Маған қажеті жоқ
84 voters197 viewsБалнур, 10:37
Ашу / Түсініктеме
2022-11-04 13:30:26
Бұл нейро-жаттығуды орындау үшін фитбол керек.

Жалпы, фитбол бала дамуында ең керекті, көп қызмет көрсететін құрал. Әр үйде болса да артықтық етпейді.

Онымен мына жаттығу арқылы сенсорлық жүйені ғана дамытып қоймай:

⁃ вестибулярканы дамытамыз;
⁃ көздің зейінін арттырады;
⁃ ережемен жұмысқа баулиды;
⁃ проприоцепцияны дамытады;
⁃ шыдамдылыққа үйретеді;
⁃ физикалық күшті игеруге көмектеседі
242 viewsБалнур, 10:30
Ашу / Түсініктеме
2022-11-04 11:07:46
Ендеше, сіздерге баланың дамуына өте жақсы көмегін тигізетін , коррекция жасайтын бір жаттығу түсіріп салсам, қалай қарайсыздар?
Anonymous Poll
85%
Керемет
21%
Баламмен жасап, рақмет ретінде стористе бөлісемін
3%
Мен кішкентай клиенттеріме қолданамын
0%
Мен жасамаймын бәрібір
33 voters146 viewsБалнур, 08:07
Ашу / Түсініктеме
2022-11-04 11:03:21
Қайырлы күн, ата-аналар, әріптестер!

Бұл каналда көбіміз нейропсихологиялық жаттығу мен ойындар, әдістемелер күтетініміз рас қой?
Anonymous Poll
91%
Иә, мен нейропсихологиялық жаттығуларды үйренгім келеді. Анамын. Баламмен жасағым келеді
9%
Мен нейропсихологиялық жаттығуларды жұмысым үшін үйренгім келеді. Маманмын
70 voters186 viewsБалнур, 08:03
Ашу / Түсініктеме
2022-09-30 17:34:33 КЕҢЕСТЕР

Эмоционалды қарым-қатынас пен физикалық белсенділікті баланың жүйке жүйесі шаршап қалмайтындай етіп, арасында тынығулар мен демалыстарды берген дұрысырақ;

Баланы ұзақ әрі қызықты жұмысқа қызықтырып, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге дағдыла;
947 viewsБалнур, 14:34
Ашу / Түсініктеме
2022-09-30 14:48:57 Ал сангвиник темпераментіне жақын балаларға арналған кеңестер мен ойындарды оқыңыз
1.1K viewsБалнур, 11:48
Ашу / Түсініктеме
2022-09-30 14:37:15 ОЙЫНДАР

Холерик темпераментіне жақын балаларға көбіне жарысу ойындары жақсы сәйкес келеді. Жүгіру, жүзу, эстафета, батутта секіру, ритмикалық би сияқтыларды ойнатуға болады;

Ойыншы саны қанша болса, ортаға содан біреуге кем орындықты қойып, ойыншыларды айналдыра жүргізіп, "стоп" дегенде бірінші отырып қалған балалар ұтады, орындық жетіспей қалған бала ойыннан шыға береді. Соңында ең шапшаң бала жеңіске жетеді;

Конструктордың ұсақ және ірі түрлерін құрастырып ойнау. Бұдан холерик-бала зейінін бір тапсырмаға шоғырлауды үйренеді;
1.1K viewsБалнур, 11:37
Ашу / Түсініктеме
2022-09-30 14:23:37 КЕҢЕСТЕР

Холерик темпераментіне жақын баланы айқай-шу, адамы көп жерге жиі апармауға кеңес беремін. Жүйке жүйесі қозу деңгейінен тынышталуы қиын болғандықтан, бала одан да шаршап, агрессия көрсетіп, тыныштала алмауы мүмкін;

Күн тәртібіне кішкентай кезінен үйреткеніңіз абзал. Міндетті түрде түскі ұйқы, тіпті бастауыш мектеп жасындағы баланың да түс мезгілде тынығуын қамтамасыздандырған дұрысырақ. Жүйке жүйесі тынышталуына мүмкіндік беріңіз

Баланы "шықпа, мінбе, өлесің, құлайсың", - деген шектеулер баламен жмоционалды байланысты бұзып, агрессияның жиілеуіне алып келуі мүмкін;

Бала қанша агрессивті, ұшқалақ, тынымсыз болса да, оның жақындарының балаға сабырмен қарауы оған үлкен көмек. Баланы кінәламай, оның тынымсыздығы туылғаннан жүйке жүйесінің ерекшелігі екенін есте ұстаңыз.
1.0K viewsБалнур, 11:23
Ашу / Түсініктеме