Get Mystery Box with random crypto!

КЕҢЕСТЕР Холерик темпераментіне жақын баланы айқай-шу, адам | Айнұр Алдаш

КЕҢЕСТЕР

Холерик темпераментіне жақын баланы айқай-шу, адамы көп жерге жиі апармауға кеңес беремін. Жүйке жүйесі қозу деңгейінен тынышталуы қиын болғандықтан, бала одан да шаршап, агрессия көрсетіп, тыныштала алмауы мүмкін;

Күн тәртібіне кішкентай кезінен үйреткеніңіз абзал. Міндетті түрде түскі ұйқы, тіпті бастауыш мектеп жасындағы баланың да түс мезгілде тынығуын қамтамасыздандырған дұрысырақ. Жүйке жүйесі тынышталуына мүмкіндік беріңіз

Баланы "шықпа, мінбе, өлесің, құлайсың", - деген шектеулер баламен жмоционалды байланысты бұзып, агрессияның жиілеуіне алып келуі мүмкін;

Бала қанша агрессивті, ұшқалақ, тынымсыз болса да, оның жақындарының балаға сабырмен қарауы оған үлкен көмек. Баланы кінәламай, оның тынымсыздығы туылғаннан жүйке жүйесінің ерекшелігі екенін есте ұстаңыз.