Get Mystery Box with random crypto!

ОЙЫНДАР Бала меланхолик темпераментіне жақын болса, онда 'ме | Айнұр Алдаш

ОЙЫНДАР

Бала меланхолик темпераментіне жақын болса, онда "менее эмоционален". Қуанғаны да, ренжігені де, таңқалғаны да почти бірдей.

Алайда, түрінде көрінбеген эмоциялары ішінде қайнап жатады.

Осы ойынның көмегімен іштегі эмоцияны сыртқа шығаруға, жалпы эмоцияны көрсетуге қысылмауға үйретеміз.

Ол үшін карточкаларға арыстанның, маймылдың, иттің, сиырдың, жыланның, мысықтың, аюдың, қораздың суреттерін шығарып, картаны тепіс қаратып, балаға таңдатамыз.

Балаға қай жануар түссе, соның даусын салып, қимылын келтіріп, іштегі жатқан эмоциясын ойын ойнап жатып шығаруы керек.

Ойынды балаңыз екеуіңіз немесе бірнеше балалармен ойнауға болады. Жануардың кейпін саларда дауысын шығаруға көбірек мән беру керегін ескертесіз.

Мамасы баяу, сезімтал баласына барып, "сен менің қамырым боласың, сені қазір илеймін", - деп денесін басып, жеңіл мыжғылап, ысқылап массаж жасайды, қытықтайды.

Бұл ойынның да мазмұны - балаға эмоцияны және дене бұлшықеттерін сездірту.

Үндемейтін күйден көңіл-күйі көтеріңкі күйге дейін сергіту, күлдіру.