Get Mystery Box with random crypto!

КЕҢЕСТЕР Ата-ана меланхолик темпераментіне жақын баласын өз- | Айнұр Алдаш

КЕҢЕСТЕР

Ата-ана меланхолик темпераментіне жақын баласын өз-өзіне сенімді етіп өсіруі үшін оны үнемі мақтап, кішкентай жетістіктеріне дейін бағалап отыруы керек.

Иә, кез келген балаға мақтап-қолдау қажет, алайда, тұйық, әрі жүйке жүйесі әлсіздеу баланың кешегіден салыстырғанда бүгінгі жетістігі мықты екенін үнемі айтып отыру керекпіз.

Олар өте баяу, әлсіздеу, дыбысы да шықпай, бар-жоғы білінбей жүре беруі мүмкін. Оның үндеместігінен ата-ана баланың уайымы мен қайғы, өкініштерін жай ғана байқамауы да мүмкін. Бірақ есіңізде болсын, меланхолик темпераментіне жақын бала өте сезімтал келеді. Оның уайымы мен қорқынышын бөлісуге тырысыңыз.

"Сен былжырағансың", "Үнемі баяусың", "Қопалсың, жылауықсың",-деген сөздер оның жүрегін тек жарайлы. Барынша оның шекарасын сақтап, баланы баяу күйінде қабылдауға тырысыңыз. Ешкіммен салыстырмаңыз. Оның тұлғасымен де санасуға тырысыңыз.

Әдетте, бала кезде меланхолик болған бала, ата-анасының қолдауымен өсе келе ақырындап ашылады. Тек баланы сөкпей, сынамай риясыз қабылдап, қолдап үйренсек болғаны