Get Mystery Box with random crypto!

Таиландта 49 жастағы Чатапорн Срифхонла өз жерлеу рәсіміне бар | Massaget NEWS

Таиландта 49 жастағы Чатапорн Срифхонла өз жерлеу рәсіміне бара жатқан жолда есін жиды. Бұл туралы Daily Mail жазды.

Әйел бауыр ісігінен ауруханада емделіп жатқан, дәрігерлер оның отбасына науқастың өмір сүру мүмкіндігі өте аз екенін ескерткен. Содан кейін анасы қызының өмірінің соңғы минуттарын жақындарымен бірге өткізу үшін үйіне алып кеткен.

"Чатапорнды ауруханадан үйіне жеткізген күні дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады. Қызымен бірге келген анасы дереу туыстарына қайғылы жағдайды жеткізіп, қоштасуға дайындалуды өтінген. Содан кейін ғибадатханадағы рәсім және кремация жұмыстары басталған", - деп хабарлады басылым.

t.me/massaget_news