Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда 20 жастағы бойжеткенге жеті қыз жабылып ұрып-соғып, қ | Massaget NEWS

Алматыда 20 жастағы бойжеткенге жеті қыз жабылып ұрып-соғып, қоқан-лоқы көрсеткен. Ол аздай, оларға тағы бір жігіт қосылып, қызды зорламақ болған. Жәбірленуші қашып құтылу үшін ғимараттың 3-қабатынан секіріп кеткен.

Аты-жөнін атамауды жөн көрген қала тұрғыны 2 айға жуық уақыт төсекке таңылып жатыр. 20 жастағы бойжеткен жантүршігерлік оқиғадан кейін аяғына тік тұра алмайды. Оның қолы, саусақтары, екі аяғы мен арқасы сынып, зақымданған, миы шайқалған.

"Мен саған 2 сағат беремін, 2 сағатта 100 мың теңге қойып бересің маған" деді. Олардың қолында пышақ тұрды, олар "5 жігітті кіргізіп беремін осы квартираға солармен жатасың деп айтты", осындай бір қосымшамен жұмыс істейсің деді, істемеймін деп қоймай қойдым. Сол кезде квартираға бір еркек келді, сосын Аружан деген қыз тұрды да мына қызды ал да кіре бер деп айтты. 10 мың теңге деді… Сол кезде не істерімді білмедім де асүйге қарай шықтым, терезе ашық тұр екен. Мен секіріп кеттім ол терезеден", - дейді жәбірленуші. 

t.me/massaget_news