Get Mystery Box with random crypto!

Маймыл шешегі – поксвирустар тұқымдасына жататын вирус. Ол алғ | Massaget TANYM

Маймыл шешегі – поксвирустар тұқымдасына жататын вирус. Ол алғаш рет 1958 жылы маймылдардан табылған. Құрылысы мен қасиеттері бойынша адамның шешек вирусына ұқсас.

Маймыл шешегімен адам алғаш рет 1970 жылы Конго Демократиялық Республикасында (бұрынғы Заир), Экватория провинциясының Басанкусу қаласында ауырған. Заирде 1981-1986 жылдар аралығындағы ДДҰ бақылауы бойынша 338 науқас анықталып 33 өлім (өлім көрсеткіші 9,8%) тіркелген. 1996–1997 жылдары Заирде індет екінші рет анықталды.

@massaget_kz