Get Mystery Box with random crypto!

Маңғыстау облысының әкімдігі/Акимат Мангистауской области

Telegram арнасының логотипі mangystau_press — Маңғыстау облысының әкімдігі/Акимат Мангистауской области М
Telegram арнасының логотипі mangystau_press — Маңғыстау облысының әкімдігі/Акимат Мангистауской области
Арна мекенжайы: @mangystau_press
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 784
Арнадан сипаттама

Официальный telegram-канал Акимата Мангистауской области
Оперативная информация из первоисточника #mangystau #aktau #kazakhstan

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-07-13 08:12:23 Ақтауда көтерме-тарату орталығының құрылысы қарқынды жүруде

Ақтауда көтерме-тарату орталығы мен коммуналдық базардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда құрылыстың 30 пайызы аяқталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа коммуналдық базар мен көтерме-тарату орталығының жобасы таныстырылып көрсетілді. Құрылысты «ОРЦ Ақтау» ЖШС жеке инвестордың қаржысына салуда. Қазіргі таңда қоймалар салынып жатыр. Онда фермерлер өз өнімдерін делдалсыз сата алады. Бұл өз кезегінде тұтынушылар үшін бағаны қалыптастыруға оң әсер етеді.

-Көтерме-тарату орталығының құрылысы жоба бойынша кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Қазір құрылыстың 30 пайызы аяқталды. Жобада жеміс-жидек, көкөніс және құрғақ тамақ өнімдерін сақтайтын қойма болады. Сонымен қатар мультикамералы тоңазытқыштар қарастырылған. Жобаның мақсаты мейрамханалар, азық-түлік дүкендері, басқа да бизнес субъектілерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қала тұрғындарына ешқандай делдалсыз, нарықтағы бағадан төмен азық-түлікпен қамтамасыз ету, - деді «ОРЦ Ақтау» ЖШС директоры Бекзат Жеткізгенов.

Сауда және қойма көлемі 40 000 шаршы метр болады. Жобаға салынған инвестиция құны 1,5 млрд. теңгені құрайды.

Айта кетсек, жоба Президент тапсырмасы аясында іске асырылуда. 22 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына арнайы жұмыс сапарымен келгенде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жиында инфляция деңгейінің жоғары екенін, мұның азық-түлік тауарлары бағасының тез өсуіне әсер етіп жатқанын айтып, Ақтау қаласында коммуналдық және көтерме базарларды салуды тапсырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін Ақтау қаласының 36-шағын ауданында жоба құрылысы басталды. Көтерме-тарату орталығы 2023 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.
81 viewsedited  05:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 21:55:49
59 views18:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 21:55:42 13 шілде күні сағат 10:00-де Маңғыстау облыстық білім басқармасы адамгершілік-рухани тәрбие және өзін-өзі тану бөлімі басшысының міндетін атқарушы Орынгул Мамутова, Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Эдуард Куанаев және
ШЖҚ «ОПДО» МКК наркологиялық науқастарға арналған мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінің меңгерушісі Александр Решетников тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап береді.

Тақырыбы: Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Тікелей эфир Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығының және облыс әкімдігінің ресми парақшаларында өтеді. Хабар тарату уақыты шектелмеген. Тұрғындар сұрақтары мен ұсыныстарын тікелей эфир кезінде қоя алады.

Сілтеме

https://www.facebook.com/cok.mangystau

https://www.facebook.com/AkimatMangystau/

https://instagram.com/akimat_mangystau?utm_medium=copy_link

***

13 июля в 10:00 исполняющая обязанности руководителя отдела нравственно-духовного воспитания и самопознания управления образования Мангистауской области Орынгул Мамутова,начальник управления по противодействию наркопреступности ДП Мангистауской области Эдуард Куанаев и заведующий наркологическим отделением для принудительного лечения ГКП на ПХВ ОЦПЗ Александр Решетников выйдут в прямой эфир и ответят на вопросы населения.

Тема: О проделанной работе по профилактике наркомании среди подростков

Прямой эфир пройдет на официальных страницах областного акимата и Центра общественных коммуникаций Мангистауской области. Время вещания не ограничено. Вопросы и предложения жители смогут задать во время прямого эфира.

Ссылки на каналы вещания:

https://www.facebook.com/cok.mangystau

https://www.facebook.com/AkimatMangystau/

https://instagram.com/akimat_mangystau?utm_medium=copy_link
60 views18:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 20:02:30 Актауский морпорт получил «зеленый» сертификат ОБСЕ

Актауский морской торговый порт стал первым портом в Казахстане, получившим сертификат ОБСЕ «EcoPorts Pers». Об этом сообщает Центр общественных коммуникаций Мангистауской области.

Сертификация проводилась в рамках проекта ОБСЕ «EcoPorts» - всемирно признанного стандарта экологического менеджмента в портах и портовых терминалах.

В мероприятии приняли участие делегация ОБСЕ из Европы и руководитель Офиса программ этой организации в г. Нур-Султане Фолькер Фробарт, первый заместитель акима области Бекбол Орынбасаров.

Специалисты поясняют, что получение нового статуса портом Актау дает возможность для расширения взаимоотношений с европейскими портами, а также способствует улучшению экологической ситуации в Каспийском регионе.

Проект ОБСЕ, запущенный в 2019 году, нацелен на развитие инфраструктуры морских и трансконтинентальных грузоперевозок, упрощение таможенных процедур посредством внедрения цифровизации, подготовку и обучение отечественных специалистов.

⁃ Международный Актауский торговый порт более года сотрудничал с астанинским отделом ОБСЕ для получения сертификата «зеленый порт» в системе экологической экспертизы портов. Этот сертификат показывает, что мы можем работать как на международном, так и на европейском уровне. Торговый порт Актау полностью отвечает экологическим, рабочим стандартам безопасности. Это, в свою очередь, говорит о том, что мы являемся портом высокого качества обслуживания, отвечающим всем требованиям перед потребителями, - сказал председатель Международного торгового порта Актау Абай Туркпенбаев.
76 views17:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 20:02:15
70 views17:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 20:01:17 Ақтау теңіз сауда порты ЕҚЫҰ-ның «Жасыл порт» сертификатын алды

«Ақтау теңіз сауда порты» Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының(ЕҚЫҰ) «EcoPorts Pers» сертификатын алды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

«Ақтау теңіз сауда порты» ЕҚЫҰ-ның «EcoPorts Pers» сертификатын алып, Қазақстандағы алғашқы «Жасыл порт» атанды. Сертификаттау экологиялық менеджменттің бүкіл әлемдік стандарты бойынша берілген.

Халықаралық сертификатты табыстау шарасына ЕҚЫҰ-ның(ОБСЕ) Еуропадан келген делегациясы мен осы ұйымның энергетикалық қауіпсіздік саласындағы бағдарламалар жөніндегі аға қызметкері Дэниел Кросс, ЕҚЫҰ хатшылығы, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров қатысты. Қатысушылар Ақтау портының алдағы уақытта Еуразияның логистикалық және сауда орталығына айналуға мүмкіндік ашқанын, ірі порттармен ынтымақтасуға болатынын атап өтті.

Ақтау порты сертификаттауды 2020-2021 жылдар аралығында ЕҚЫҰ-ның жұмыс қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалар офисінің қолдауымен және ұйымның экономикалық, экологиялық қызметті үйлестіруші бюросымен бірлесіп жүргізген.

-Ақтау халықаралық теңіз сауда порты «Порттардың экологиялық сараптама жүйесіндегі» жасыл порт сертификатын алу үшін, бір жылдан астам уақыт бойы, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бөлімімен аянбай тер төкті. Бұл сертификат біздің халықаралық және еуропалық деңгейде жұмыс жасай алатынымызды көрсетеді. Ақтау сауда порты экологиялық, жұмыс процесі барысындағы қауіпсіздік стандарттарына толық жауап береді. Бұл өз кезегінде біздің тұтынушылар алдында барлық талаптарға сәйкес келетін, жоғары сапалы қызмет көрсететін порт екенімізді көрсетеді, - деді Ақтау халықаралық теңіз сауда портының төрағасы Абай Түркпенбаев.
80 views17:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 05:12:36 В Жанаозене впервые пройдет чемпионат Азии по кекушинкай каратэ-до KWF

11 июля, заместитель акима Мангистауской области Улугбек Тналиев в ходе личного приема принял недавно назначенного на должность Президента Федерации кекушинкай каратэ-до KWF РК из Мангистау Максата Мукаша, кроме того он наградил благодарственными письмами от имени главы региона серебряного медалиста Кубка мира по кекушинкай каратэ - до Райымбек Шынтай и его тренера Берекета Нурбаева.

По словам, Президента Федерации кекушинкай каратэ-до KWF РК Максата Мукаша в текущем году 24-26 сентября в городе Жанаозен впервые пройдет чемпионат Азии по кекушинкай каратэ-до. В данном мероприятии примут участие 12 стран Азии.

- Это будет масштабное мероприятие, как для страны, так и для области. В чемпионате примут участие спортсмены из Японии, Кореи, Китая, Ирака, Ирана, Сирии, Непала и др. Мы надеемся, что проведение чемпионата мира по каратэ в Мангистау придаст новый импульс развитию данного вида спорта - подчеркнул Максат Мукаш.

Также в ходе встречи заместитель акима Мангистауской области Улугбек Тналиев, поздравил Райымбек Шынтай, который недавно пополнил копилку нашей сборной РК приняв участие в Кубке мира «VI World Cup IFK Valencia» в возрасте 16-17 лет, который прошел в испанской Валенсии и стал там серебряным призером в весовой категории до 65 кг.

Стоит отметить, Федерация кекушинкай каратэ-до KWF основана в 2007 году. На сегодняшний день в Федерации насчитывается более 120 тренеров по Республике и обучается около 10 тысяч учащихся. На сегодняшний день более 300 учащихся получили звание «Мастер спорта РК», 15 из них удостоены на звание «Мастер спорта международного класса». Среди них лидируют спортсмены из Мангистауской области.
71 views02:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 05:12:33
59 views02:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 05:12:22 Жаңаөзен қаласында алғаш рет KWF кекушинкай каратэ-до спорт түрінен Азия чемпионаты өтеді

11 шілде күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев жақында тағайындалған ҚР KWF кекушинкай каратэ-до федерациясының президенті маңғыстаулық Мақсат Мұқашты қабылдады. Сонымен қатар, KWF кекушинкай каратэ-додан әлем кубогының күміс жүлдесін иеленген Шынтай Райымбек және жаттықтырушысы Берекет Нұрбаевты облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

ҚР KWF кекушинкай каратэ-до федерациясының президенті Мақсат Мұқаштың айтуынша, осы жылдың қыркүйек айының 24-26 күндері Жаңаөзен қаласында алғаш рет кекушинкай каратэ-додан Азия чемпионаты өтеді. Шараға Азия құрлығындағы 12 мемлекет қатысады.

-Бұл – еліміз үшін де, облыс үшін де ауқымды шара болмақ. Чемпионатқа Жапония, Корея, Қытай, Ирак, Иран, Сирия, Непал т.б мемлекеттерден спортшылар қатысады. Бұл ауқымды жоба – еліміздегі спорт саласының дамуына жаңа серпін береді деген ойдамыз,-деді Мақсат Мұқаш.

Жуырда маңғыстаулық Шынтай Райымбек Испанияның Валенсия қаласында өткен «VI World Cup IFK Valencia» Әлем Кубогында 16-17 жас аралығында 65 келіге дейінгі салмақта қатысып, Әлем кубогының күміс жүлдегері атанған болатын. Облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев жеңімпазды құттықтап, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.

Айта кетсек, елімізде KWF кекушинкай каратэ-до федерациясы 2007 жылы құрылған. Бүгінгі таңда федерацияда Республика бойынша 120-дан астам жаттықтырушы бар және 10 мыңға жуық оқушы тәлім алуда. Осы күнге дейін 300-ден астам оқушы «ҚР спорт шебері», ал 15 оқушы «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын алып үлгерген. Соның ішінде Маңғыстау облысының спортшылары көш басында тұр.
66 views02:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 21:16:23
50 views18:16
Ашу / Түсініктеме