Get Mystery Box with random crypto!

Маңғыстау облысының әкімдігі/Акимат Мангистауской области

Telegram арнасының логотипі mangystau_press — Маңғыстау облысының әкімдігі/Акимат Мангистауской области М
Telegram арнасының логотипі mangystau_press — Маңғыстау облысының әкімдігі/Акимат Мангистауской области
Арна мекенжайы: @mangystau_press
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 784
Арнадан сипаттама

Официальный telegram-канал Акимата Мангистауской области
Оперативная информация из первоисточника #mangystau #aktau #kazakhstan

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-07-18 14:18:49
68 views11:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 14:18:38 Маңғыстауда Орталық Азиядағы дін саласының өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін, 18 шілдеде Ақтауда «Орталық Азиядағы мемлекет және дін қатынастары: қазіргі жай күйі мен перспективалары» атты халықаралық форум өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Форум жұмысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түркіменстан, Әзірбайжанның халықаралық сарапшылары, Қазақстанның батыс өңірінде орналасқан облыстардың дін істері басқармаларының басшылары, дінтанушы ғалымдар, сарапшылар, құқық қорғау, арнайы және мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам
белсенділері қатысты.

Халықаралық форум аясында Орталық Азиядағы діни саласына қатысты мәселелер талқыланды, сонымен қатар жастар арасында діни экстремизм мен деструктивті ағымдардың алдын алу мәселелері көтерілді.

Жиында сөз алған аймақ басшысы жастардың өмірі мен психикасына теріс әсер беретін діни ағымдардың қауіпіне тоқталып, жастардың өзге ағымдардың жетегінде кетіп, жапа шегіп қалмасы үшін діни сауаттылықты арттыру керек екенін атап өтті.

-Жастарымыздың дінге бет бұрғанына қуанып, шүкіршілік еттік. Алайда, теріс пиғылдағы діни ағымдар жастардың ниетін өз мақсаттарына пайдаланып, адастырып, өзін-өзі өлімге қиюға дейін жеткізуде. Жастар ғаламтор арқылы түрлі діни сайттарға кіріп сол арқылы дін үйренуде. Ғаламтордағы мәліметтердің шамадан тыс көп әрі қолжетімді болуы діни экстремистік идеялардың кеңінен таралуына да жағдай туғызуда.
Сонымен қатар, шет мемлекеттерге діни білім алуға кеткен жастарымыздың арасында да дәстүрімізге сай келмейтін, сол ілім алған мемлекеттердің ғұрпы мен дәстүріне негізделген діндерді үйреніп келіп, елімізге насихаттауда. Сондықтан осындай қауіптерді сейілту мақсатында қазіргі таңда діни сауаттылықты арттыру мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде, мемлекет тарапынан арнайы комиссиялар құрылып, халық арасында ақпараттық-насихаттық топтар түсіндіру жұмыстарды жүргізуде.
Ата-аналар да балаларының кіммен араласып, қандай діни жолды ұстанатынына көңіл бөлсе деймін.
Әрине, бұл мәселемен күресу мемлекеттік органдардың ғана жұмысы деп түсіну қате. Мұнымен халық болып күресу керек. Халқымыздың қауіпсіздігі мен тұтастығын сақтау баршамыздың міндетіміз,- деді Нұрлан Ноғаев.

Форум аясында бірқатар қатысушылар «Қазақстандағы діни қатынастар»,«Ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің сақталуында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рөлі», «Мемлекет және дін қатынастарындағы ғұламалардың орны мен маңызы", т.б. тақырыптарда баяндама жасады.

Форум жұмысы секциялық отырыстармен жалғасты.
71 views11:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 13:45:41
75 views10:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 13:45:36 18 шілде күні сағат 16:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілі Жансая Төкенова, Логистика және көлік академиясының өкілі Болат Кенжекен, Павлодар педагогикалық университетінің өкілі Әлібек Елемесов пен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің өкілі Гүлнұр Қонарбаева тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап береді.

Тақырыбы: Түлектерге арналған 6 мың грант туралы


Тікелей эфир Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығының және облыс әкімдігінің ресми парақшаларында өтеді. Хабар тарату уақыты шектелмеген. Тұрғындар сұрақтары мен ұсыныстарын тікелей эфир кезінде қоя алады.

Сілтеме

https://www.facebook.com/cok.mangystau

https://www.facebook.com/AkimatMangystau/

https://instagram.com/akimat_mangystau?utm_medium=copy_link

***

18 июля в 16:00 представитель Казахского национального аграрного исследовательского университета Жансая Токенова, представитель Академии логистики и транспорта Булат Кенжекен,представитель Павлодарского педагогического университета Алибек Елемесов а также представитель Восточно-Казахстанского технического университета им. Д.Серикбаева Гульнур Конарбаева выйдут в прямой эфир и ответят на вопросы населения.

Тема: О шести тысячах грантов для выпускников

Прямой эфир пройдет на официальных страницах областного акимата и Центра общественных коммуникаций Мангистауской области. Время вещания не ограничено. Вопросы и предложения жители смогут задать во время прямого эфира.

Ссылки на каналы вещания:

https://www.facebook.com/cok.mangystau

https://www.facebook.com/AkimatMangystau/

https://instagram.com/akimat_mangystau?utm_medium=copy_link
80 views10:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 12:44:30
75 views09:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 12:44:15 18 шілде күні сағат 15:00-де Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетiнің өкілі Ақбота Бексейітова, Сүлейман Демирел атындағы университетінің өкілі Сұңғат Амангелдиев, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің өкілі Қарлығаш Нұрмұхаметова мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің өкілі Жәнібек Жартай тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап береді.

Тақырыбы: Түлектерге арналған 6 мың грант туралы

Тікелей эфир Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығының және облыс әкімдігінің ресми парақшаларында өтеді. Хабар тарату уақыты шектелмеген. Тұрғындар сұрақтары мен ұсыныстарын тікелей эфир кезінде қоя алады.

Сілтеме

https://www.facebook.com/cok.mangystau

https://www.facebook.com/AkimatMangystau/

https://instagram.com/akimat_mangystau?utm_medium=copy_link

***

18 июля в 15:00 представитель Кокшетауского университета имени Ш. Уалиханова Акбота Бексеитова, представитель университета имени Сулеймана Демиреля Сунгат Амангельдиев,представитель Костанайского регионального университета имени А. Байтурсынова Карлыгаш Нурмухаметова а также представитель Карагандинского государственного университета им. Е. А. Букетова Жанибек Жартай выйдут в прямой эфир и ответят на вопросы населения.

Тема: О шести тысячах грантов для выпускников

Прямой эфир пройдет на официальных страницах областного акимата и Центра общественных коммуникаций Мангистауской области. Время вещания не ограничено. Вопросы и предложения жители смогут задать во время прямого эфира.

Ссылки на каналы вещания:

https://www.facebook.com/cok.mangystau

https://www.facebook.com/AkimatMangystau/

https://instagram.com/akimat_mangystau?utm_medium=copy_link
99 views09:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 10:32:13 Более 15 тысяч зрителей посетили международный турнир по ММА в Актау

16 июля, в Актау прошел совместный международный турнир по смешанным единоборствам промоушенов «Naiza 41» и «EAGLE FC 48», сообщает пресс служба акима Мангистауской области.

Турнир прошедший под открытым небом собрал более 15 тысяч зрителей. На боях присутствовали аким Мангистауской области Нурлан Ногаев, чемпион UFC Хабиб Нурмагомедов, президент федерации смешанных единоборств ММА, панкратиона и грэпплинга Республики Казахстан, заслуженный тренер РК Сагындык Мекеев, президент Лиги Naiza Нурбек Карабала, президент Лиги EAGLE FC Шамиль Завуров, боец UFC Шавхат Рахмонов.

Выступая с приветственной речью, Нурлан Ногаев отметил важность проводимого международного турнира для популяризации здорового образа жизни.

- По поручению президента Казахстана, Касым-Жомарта Токаева, государственными органами ведется постоянная системная работа по развитию массовых видов спорта среди молодежи и подростков, увеличению числа граждан, занимающихся спортом. Хочу выразить благодарность всем организаторам, участникам и бойцам которые представляют нашу страну и являются примером подражания для многих молодых мальчишек. Проведение данного турнира в Актау, было идеей отца Хабиба Нурмагамедова, покойного Абдулманапа Нурмагамедова, к сожалению его сейчас с нами нет, но его последователи продолжают его дело, - отметил аким Нурлан Ногаев.

В турнире приняли участие 32 спортсмена из семи стран мира, которые провели 16 боев.

В главном бою совместного турнира «Naiza» и «EAGLE FC» сошлись россиян Гамзат Хирамагомедов и казахстанский спортсмен Дауреном Ермеков, которые боролись за временный пояс «EAGLE FC». Победу техническим нокаутом во втором раунде одержал казахстанский спортсмен.

Приветствую всех жителей Мангистау. Мне очень приятно находится здесь, среди десятки тысяч людей которые пришли посмотреть турнир. Среди вас много молодежи, которые после просмотра турнира придут в этот вид спорта, и благодаря своим усилиям смогут стать легендами через 10 лет. Я считаю, что такие соревнования надо проводить почаще, привлекать нашу молодежь. Почему я говорю - нашу. Потому что для меня Казахстан - родное место, здесь большая дагестанская диаспора. Выражаю благодарность за гостеприимство Мангистаусцев, - отметил в своем выступлении чемпион мира Хабиб Нурмагомедов.

Также, в рамках международного турнира с 11 по 15 июля в Актау была проведена неделя казахстанской бойцовской лиги «Naiza» - «Naiza Sport Week», включившая открытые тренировки, мотивационные встречи с участием чемпионов и их тренеров, мастер-классы от известных бойцов. Среди них Шавкат Рахмонов, тренеры команды DAR Team-Азиз Разиев и Эдуард Барзов, чемпионы лиги Naiza - Алиби Идрис, Николай Самусев, Ильдар Кудайбергенов, чемпион мира по панкратиону Муратбек Касымбай, Галымжан Жасуланов.

Основная цель проведения недели Лиги Naiza – это стимулирование интереса молодежи к спорту. А также улучшение туристической привлекательности Мангистауского региона.
65 viewsedited  07:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 10:31:22
48 views07:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 10:30:47 Ақтауда өткен ММА бойынша халықаралық турнирге 15 мыңнан астам көрермен келді

16 шілде күні Ақтауда "Naiza 41" және "EAGLE FC 48" промоушендерінің аралас жекпе-жектен бірлескен халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ашық аспан астында өткен турнирге 15 мыңнан астам көрермен жиналды. Турнирге Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов, Қазақстан Республикасының ММА, панкратион және грэпплинг аралас жекпе-жек федерациясының президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағындық Мекеев, Naiza Лигасының президенті Нұрбек Қарабала, EAGLE FC Лигасының президенті Шамиль Завуров, UFC жауынгері Шавхат Рахмонов қатысты.

Нұрлан Ноғаев құттықтау сөзінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан халықаралық турнирдің маңыздылығын атап өтті.

- Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту, спортпен айналысатын азаматтар санын арттыру бойынша тұрақты жүйелі жұмыс жүргізуде. Біздің еліміздің намысын қорғайтын және көптеген жас буынға үлгі болатын барлық ұйымдастырушыларға, қатысушылар мен жауынгерлерге алғысымды білдіргім келеді. Бұл турнирді Ақтауда өткізу Хабиб Нұрмағамедовтың әкесі, марқұм Абдулманап Нұрмағамедовтың идеясы еді, өкінішке орай ол қазір біздің арамызда жоқ, бірақ ізбасарлары оның ісін жалғастыруда, - деп атап өтті әкім Нұрлан Ноғаев.

Турнирге әлемнің жеті елінен 32 спортшы қатысып, 16 жекпе-жек өткізді.

"Naiza" және "EAGLE FC" бірлескен турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Гамзат Хирамагомедов пен қазақстандық спортшы Дәурен Ермеков "EAGLE FC" белдігі үшін кездесу өткізді. Екінші раундта техникалық нокаутпен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.

-Маңғыстаудың барлық тұрғындарына сәлем жолдаймын. Турнирді тамашалауға келген мыңдаған адамның арасында болғаныма өте қуаныштымын. Дәл қазір сіздердің араларыңызда турнирден кейін осы спорт түріне қызығушылықпен келетін және өз күш-жігерінің арқасында алдағы 10 жылдан кейін аты аңызға айналатын жастар шығады деп есептеймін. Мұндай жарыстарды жиі өткізіп, жастарымызды спортқа баулу керек. Қазақстан - менің туған жерім, мұнда үлкен Дағыстан диаспорасы бар. Маңғыстаулықтардың қонақжайлығы үшін алғысымды білдіремін!,- деді өз сөзінде әлем чемпионы Хабиб Нұрмағамедов.

Сондай-ақ Маңғыстауда тұңғыш рет өтіп жатқан халықаралық турнир аясында 11-15 шілде аралығында Naiza Sport Week апталығы ұйымдастырылды. Осы аралықта қазақтың белді чемпиондары, спортшылары мен жаттықтырушылары жас буынға түрлі шеберлік сыныптары, ашық жаттығулар мен мотивациялық кездесулер өткізді.

Олардың қатарында UFC жауынгері Шавкат Рахмонов, DAR Team командасының коучтары - Азиз Разыев пен Эдуард Базров, Naiza лигасының чемпиондары - Əліби Ыдырыс, Николай Самусев, Ильдар Құдайбергенов, панкратионнан əлем чемпионы Мұратбек Қасымбай, Ғалымжан Жасұланов бар.

Naiza лигасының апталығын өткізудің негізгі мақсаты - жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ Маңғыстау өңірінің туристік әлеуетін жақсарту.
60 views07:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 08:01:30
108 views05:01
Ашу / Түсініктеме