Get Mystery Box with random crypto!

Мұқағали Мақатаев

Telegram арнасының логотипі makataev_mukagali — Мұқағали Мақатаев М
Telegram арнасының логотипі makataev_mukagali — Мұқағали Мақатаев
Арна мекенжайы: @makataev_mukagali
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.73K
Арнадан сипаттама

Поэзия Әлемі

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 14

2021-05-13 19:56:34 Шын сүйсе сүйгеніңді бағалай
біл.
Сүймегенге жалынба қарамай
жүр.
Сүйген жан өзi келер жақын
күнде.
Ол сені әлi iздеп таба алмай
жүр.
Өмiр маған үйреттi
жыламауды.
Қиын сәтте сүрiнiп құламауды.
Жақсы досты қадiрлеп адал
болып,
Жаман достың жағдайын
сұрамауды.
Өмiр маған үйреттi сүюдi де.
Күйiктерге жынданып күюдi де.
Шын сүйген адамдарға адал
болып.
Өткiншi бақытынды сүю деме.
Өмiр маған үйреттi ұнатуды.
Өзiмдi жылатқанды жылатуды.
Кiнәсiздi түсiнiп кешiрудi.
Кiнәлiден кешiрiм сұратуды.
97 views16:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 19:52:37 Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.
Қарасымен шамаң жоқ таласуға,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында,
Желігесің, түсесің қара суға.
Құйын қуған қаңбақтай аласұра,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Мен отырмын теңіздің жағасында,
Бересім де жоқ оған, аласым да.
Мені тастап, толқындар, ағасың ба?
Толқынданып, өмірім, барасың ба?
Шаң шығарып ізінен құйындаған,
Барасың ба, өмірім, қиындаған?
Сыйын маған,
Ей, өмір, сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған
99 views16:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 19:52:34
98 views16:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 19:52:20 Махаббат па?
Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да, түсірді ғой торға мені.

Махаббат па?
Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге.
Ал, қазір тоңған жүрек, солған кеуде.

Ғашықтық па?
Ғашық та бола білгем.
Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен
Жанымменен сүйемін, жанарыммен.

Сағыныш па?
Калай оны тауыса аламын.
Сағынғамын, шөлдегем, аңсағамын,
Ақыры шаршағамын, шаршағамын.

Сүйгенім бе?
Сүйгенім өмірде емес.
Үйықтасам, түнде түсім, көңілде елес.
Өлгенше кетер емес көңілден еш...
100 views16:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 19:52:13
96 views16:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 19:51:54 ЖАПАНДА ЖАЛҒЫЗ ЖАС ЕМЕН


Жапанда жалғыз жас емен,

Келеді өсіп жаңадан.

Тербеліп баяу желменен,

Өткізген күнін санаған.

Емен жалғыз әрі жас,

Күндіз-түн дауыл ұрады.

Сондада мойып, қажымас,

Қалпынша қарап тұрады.

Жапанда жалғыз жас емен,

Тұрғандай бейне күйініп.

Жабықты екен ол неден?..

Мұңаяды басы иіліп.

Жапанда жалғыз жас емен,

Табылар серік қасыңа!

Жаңарып бірге күнменен,

Өсе бер толып, жасыма!
103 views16:51
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 19:51:52
100 views16:51
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 19:51:28 ЖҮРЕККЕ НӘЗІК ТІЛ БІТТІ


Шыр етіп шығып анадан,

Іңгәлап біраз жаттым тек.

Кешікпей анам мені алған:

"Бақытты бол, жаным!", - деп,

Қос бұлақ ағып төсінен,

Аузыма келді тәтті сүт.

Сол сүтті еміп өсіп ем,

Жетектеп бақыт, зор үміт.

Әліппе оқып "а", "б" - деп,

Түйінін шештім тілімнің.

Сәби жүрек лүпілдеп,

Сағаты соқты білімнің.

Еліктеп шаттық заманға,

Мектепте оқып ер жеттім.

Еркелеткен заманда,

Еркіммен жырлай бермекші

Он сегізге толды жасым,

Болдым мен де комсомол.

Бақытқа неге апармасын.

Ұлы Ленин салған жол.

Бақыттың биік асқарына,

Ұлы Ленин бастап барады.

Жазылып өмір дастанына,

Өшпейтін орын алады.

Туғанда алғаш анадан,

Келешек бақыт күн күтті.

Шешіліп сөйлеп жаңадан,

Жүрекке нәзік тіл бітті.

Жүректен шыққан тұнық жыр

- Бүршіктенген жаңа гүл.

Түйдектеп талай шындық сыр,

Жаттықпақ әлі нәзік тіл.
121 views16:51
Ашу / Түсініктеме
2021-04-28 01:21:26
1.2K views22:21
Ашу / Түсініктеме
2021-04-28 01:18:44
1.2K views22:18
Ашу / Түсініктеме