Get Mystery Box with random crypto!

Мұқағали Мақатаев

Telegram арнасының логотипі makataev_mukagali — Мұқағали Мақатаев М
Telegram арнасының логотипі makataev_mukagali — Мұқағали Мақатаев
Арна мекенжайы: @makataev_mukagali
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.73K
Арнадан сипаттама

Поэзия Әлемі

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2021-05-28 18:06:40
42 views15:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 18:06:33
45 views15:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 18:06:23
44 views15:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 18:04:43
47 views15:04
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 18:03:11
48 views15:03
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 19:11:39
Агушаның крышкасымен жасалынған балаларыңыз осындай жоқ заттан бар зат жасасын десеңіз ватсапқа шығыңыздар
323 viewsedited  16:11
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 18:05:29
Баланың дұрыс дамып өсуі әр ата-анаға үлкен жауапкершілік
Осыған орай үйде отырған аналар болсын жұмыс басты аналар болсын баласымен қызықты әрі пайдалы ойындар жинағын алғыңыз келсе https://wa.me/+77082513007 осы ваьсапқа шығыңыз
Бағасы: небәрі ақ теңге
362 views15:05
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 20:02:20 Қасыңда жүрсем

Қасыңда жүрсем,
Қадірім саған жоқ екен.
Қасыңнан кетсем,
Адамның нағыз қоры екем.
Қасыңда жүріп,
Күлетінім де сол екен,
Қасыңнан кетіп, жылайтыным да сол екен.
Қасыңда сенің,
Қағынып жүрген желөкпе,
Өзіңнен кетсе,
Өзгеге, сірә, керек пе?!
Мен деген, жаным,
Қадалған мәңгі бұтақпын,
Сен деген алып мың жүрегі бар терекке
Heгe де болса,
Сенімен бірге шыдаймын.
Негізім менің!
Неліктен сонша мұңайдың?!
Құласаң егер,
Құтқармақ болып мен сені,
Қадалып жерге,
Сенің астыңа құлаймын!
112 views17:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 20:00:00 Қап-қара, ғажап, сиқырлы
Қашпаңдар қара бояудан!
Қандырып уыз-ұйқымды,
Қап-қара түннен оянғам.
Қап-қара түнді көрдім де,
Жап-жарық таңға кездестім.
Қарасыз, сірә мен мүлде,
Аппақтың нарқын сезбеспін.
Жарыңның шашы қап-қара,
Көзі де қара, шамасы.
Сондықтан жүзі аққала
Сондықтан әсем, қарашы.
Ақ пенен қара алмасып,
Алмасып тұрса әрдайым.
Ақ түске ғана жармасып,
Қараны неге алмайын.
Қап-қара көзді бір қыз бар,
Қашпандар қара бояудан!
Аспанда жарық жұлдыздар
Қап-қара түнде оянған.

Мұқағали Мақатаев
119 views17:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 19:56:47 - Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам, таңданба.
Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге,
Жалғанға.
Мына өмірде, жүрегіңде,
Бойыңда ыстық қан барда.
Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!
Ал енді мен ақыл айтам,
Ақыл айтам таңданба!
Мәзіріңе, әзіріңе әулекі боп,
Алданба!
Шығатұғын күндерге де,
Ататұғын таңдарға,
Үмітпенен қарағайсың, жүрегіңде жан барда.
Өтер кетер, өтер кетер...
Дейміз ғой біз мұңайып.
Дейміз-дағы, жамаймыз кеп, бір айыпқа
Бір айып.
Отандастар, ойлайықшы, ойымызға лайық,
Құласақ та, тек биіктен,
Құзға барып құлайық!
Бықсып жанған қоламта емес,
Артымызда шоқ қалсын.
Болашақтың ойнағында,
Біз тұтатқан от жансын,
...Ей, Болашақ!
Ей, Болашақ! Ошағында от жансын!
Мүмкін, бізді ұмытарсың..
Кім біледі?..
Жоқтарсың...

М. Мақатаев
109 views16:56
Ашу / Түсініктеме