Get Mystery Box with random crypto!

Мағыналы Сөздер және Мотивация 🖊✒️

Telegram арнасының логотипі magynali_sozder_turali — Мағыналы Сөздер және Мотивация 🖊✒️ М
Telegram арнасының логотипі magynali_sozder_turali — Мағыналы Сөздер және Мотивация 🖊✒️
Арна мекенжайы: @magynali_sozder_turali
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.36K
Арнадан сипаттама

Сәлем достар! Мағыналы сөздер мен цитата✍️💌? 🖊 Қазақша дыбыстама! ✓
Каналды 2К жеткізіп тастайық достарымызбен бөлісіңіз! https://t.me/magynali_sozder_turali

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-06-06 16:47:51
​​ Әрбір жанның жүрегі сыр сандық, оның іші толған сыр. Ал құлыпы ешкім біле бермейтін биік құзда сақталған сияқты. Ол сандықты ашуға тек күші мен жігері жетіп, құз басына шыққандар ғана құқылы. Ал өкініштісі, ол құзға шықпай-ақ, сенің сандығыңды сыртынан ғана бағалап, сен жайлы білгендей болатын жандар бар ...
148 viewsАрыстан Атаманов, 13:47
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 17:40:28
​​ Тек жақсыны армандау керек. Жақсы жардың сенімді серігі болғыңыз келсе, беймәлім жарыңызбен бірге жүретін күндеріңізді елестетіңіз. Шет елге барғыңыз келсе, бір сәт өзіңізді сол елде жүргендей қабылдаңыз. Жұлдыз болғыңыз келсе, өзіңіздің біреуге сұхбат беріп тұрған сәтіңізді көз алдыңызға келтіріңіз! Армандаудан шаршамаңыз, қорықпаңыз...
140 viewsАрыстан Атаманов, 14:40
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 17:16:21
​​ Қаншалықты қиын болсада, қанша жан - дүниесі жыласада өзіне «шыда» деп айта білетін адамды жетістік күтуде. Бұның барлығы тек өзің үшін. Сен біреу үшін бұның бәріне шыдап жатқан жоқсың. Бұл тек сенің өміріңнің жарқын болашағы үшін (ата - анаңның үміті).
172 viewsАрыстан Атаманов, 14:16
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 17:18:30
​​ Қызыңды өзге қыздармен қызғандырып емес, сол қыздар сенің қызыңа қызыға қарайтындай жақсы көр. Ол Алланың саған жолықтырған Аманаты.
31 viewsАрыстан Атаманов, 14:18
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 17:09:40
273 viewsАрыстан Атаманов, 14:09
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 16:56:14
​​ Қысқа ғана ғұмырда біз бір - бірімізге арнайтын уақыттың қысқарып бара жатқанын сезе тұра неге қауышуға асықпаи‌мыз? "Уақыт көрсетер", "Тағдыр жазбады" деген сылтаулардың көлеңкесінде қанша бақыт күннің сәулесі түсуін тосып тұр екен.
291 viewsАрыстан Атаманов, 13:56
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 15:03:43
​​ Адамды, ақшаңды, телефоныңды, саған берілген бағалы әшекейді жоғалту ештеңе емес, бастысы өзіңді жоғалтып алмауың ...
237 viewsАрыстан Атаманов, 12:03
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 17:00:20 Жадымда сақталған, кішкентай кезімдегі бір оқиғамен бөліскім келіп тұр. Ол кезде кiшкентаймын. Жасым 4-5 шамасында шығар. Ағам екеумiз дүкеннен нан алып келе жатқанбыз. Кішкентайымда үйдегілерге өте көп сұрақ қоятынмын. Бәрiн бiлгiм келiп тұратын, әйтеуір.

Әдетіме басып, былай деп сұрақ қойдым:
- Осы, бiз көрiп жүрген кинолар қайдан шығады?
Ағам:
- Біз көретін кино - басқа елдегі адамдардың өмірі. Мысалы, қазір екеумiздiң осылай əңгіме айтып келе жатқанымызды басқалар кино деп көріп отыр.
- Олар біздің тілімізді түсінбейді ғой.
- Біз де олардікін түсінбейміз, бірақ қазақша көреміз ғой. Сол сияқты, бiздiң сөйлегенiмiз оларға өз тiлiнде аударылып көрсетіледі.
- Ваау, кушті екен.
- Сол үшiн үнемі әдемі болып, өзіңді дұрыс ұстап жүр. Кайда жүрсең де, не істесең де олар бәрiн кинодан көріп отырады.

Сол әңгiмеден кейін, расымен де біраз уақыт бойы әр ісімді тыңғылықты істеп, үнемі киімімді түзеп, таза болып, “адамдар көріп отыр ғой" деп жаман iс iстеуге ұялып жүрдім. Содан бері 14 жылдай уақыт өтті. Әлі де істеген істерімді бақылап, үнемі таза болып, киiмiмдi түзеп, жаман iс iстеуге ұяламын.

Тек адамдар көрiп отыр ғой деп емес, "Алла көрiп тұр ғой" деп ...
194 viewsАрыстан Атаманов, 14:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 16:56:44
​​ Бір нәрсені үйренуге қатты ынтық болуың - бұл сенің жетістігіңнің 50% құрайды.
195 viewsАрыстан Атаманов, 13:56
Ашу / Түсініктеме
2022-05-07 17:13:37
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын жігіттер!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
121 viewsАрыстан Атаманов, 14:13
Ашу / Түсініктеме