Get Mystery Box with random crypto!

Мағыналы Сөздер және Мотивация 🖊✒️

Telegram арнасының логотипі magynali_sozder_turali — Мағыналы Сөздер және Мотивация 🖊✒️ М
Telegram арнасының логотипі magynali_sozder_turali — Мағыналы Сөздер және Мотивация 🖊✒️
Арна мекенжайы: @magynali_sozder_turali
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.36K
Арнадан сипаттама

Сәлем достар! Мағыналы сөздер мен цитата✍️💌? 🖊 Қазақша дыбыстама! ✓
Каналды 2К жеткізіп тастайық достарымызбен бөлісіңіз! https://t.me/magynali_sozder_turali

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-02 15:46:34
​​ Көкірегінде не жатқанын білмейінше, біреу туралы көкіп, алысқа әкету – ең нашар қылық. Бәрінде жара бар. Жай ғана өмір сүріп жүрген жоқ. Өмір сүруді үйреніп жүр.
213 viewsАрыстан Атаманов, 12:46
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 17:17:01
​​ Осындай сәттер үшін алдыға ұмтылып, тынбай еңбек еткің келеді. Алла Жаратқан ғажап жерлерді жақындарыңа көрсететіндей мүмкіндік болуы үшін бәрін жасағың келеді. Жақсы өмірге ұмылу керек, Алла пендесіне тек жақсылық калайды!
249 viewsАрыстан Атаманов, 14:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 07:04:15 Бүгінгі дұға!

Алла тағалам! Бұл күндері маған
сергектік бер, сана бер, пайдасыз істерден аулақ ет! Мені жан-жағымнан ризыққа бөле! Алла тағалам! Дәл осы күндері мені Өзің разы болатын істерге жақындат, Өзіңнің қаһарыңа ұшырататын істерден алыстат!
121 viewsАрыстан Атаманов, 04:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 17:48:34
Өмір Шындығы-2

Иә, адамдар! Бұл заңдылық білеміз,
"Өмір" дейтін автобусқа мінеміз.
Алдымызда аялдама өте көп,
Бекетіміз жеткен кезде түсеміз.

Пендеміз ғой, түсінеміз, түйеміз,
Терезеден қарап кейде күлеміз.
Өзгелердің қайғы-мұңын тек қана,
Басқа түскен кезде ғана білеміз.

Біздер солай сүрінеміз, құлаймыз,
Бастарымыз тасқа тисе жылаймыз.
Тойынғанда еске алмаймыз көбіне,
Қиналғанда Жаратқаннан сұраймыз.

Төрт мезгілді осылайша тосамыз,
Жүйрік оймен арманға қол созамыз.
Уақыттан да, өмірден де түбінде
Біле білсек, біз адамдар озамыз...

авторы: Ділбар Маликова
оқыған: Әлия Шермағамбет
176 viewsАрыстан Атаманов, 14:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 17:39:18 ​​ Бірі мені ұнатпасын тіпті, маған бәрібір. Адамның бәрін сүйем, жүрегімді таза ұстауға тырысам. Себебі Алла біздің білімімізге, байлығымызға қарамайды. Жұдырықтай жүрегімізге қарайды. Жүрек құмыра секілді, оны немен толтырсаң сол жүзіңе шығып тұрады!
177 viewsАрыстан Атаманов, 14:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 15:10:43
​​ Уакыт осылай өте береді. Күн өтеді, ай өтедi, жыл өтедi. Бiр күнi жарты өмiрiң артта қалғанда ... артқа өкінішпен карамайтындай амал жаса. Ертеңгі күні өзіңе алғыс айтардай бiлiм ал. Мына ғаламды таны. Аллаға жақында.
83 viewsАрыстан Атаманов, 12:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 14:56:37
Қиналып кеттім. Шаршадым. Осы өмірге неге келдім. Неге өмір сүріп жүрмін. Мен осылай қатты қиналатындай қандай күнә жасап қойдым. Осылай ойланып жүре беремін бе? Мен неге өзім қалаған затты істей алмаймын. Неге мен өтірікті көп айтамын. Не үшін менің қолымнан еш нәрсе келмейді. Осылай күнде ойланып отырамын. Бірақ ойланған бір нәрсе бітіріп жатқан жоқпын,ойланғаннан да еш нәрсе өзгермейтінің де білемін. Бұны еріншектік дейді. Я мен жалқаумын. Қатты қиналдым деймін, бірақ шын мәнісінде мен бақытты жанмын. Аллаға шүкір ата-анам бар, он екі мүшем сау, мені ешкімнен кем қылмай өсіріп жатыр. Осыдан басқа не керек маған. Мен тек сабақ оқып, ата-анамның үмітін ақтасам болды емес пе? Бірақ талпыныс жоқ, ынта жоқ. Бес парызымды да өтеп жатқан жоқпын. Мен бұл өмірде неге жүрмін. Я кейде өліп қалғым келеді, оның үстіне қиналғаннан деп қойамын.
106 viewsАрыстан Атаманов, 11:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 18:08:34
​​ Кез-келген еңбек аяқсыз, нәтижесіз қалмайды. Кемінде басқа мүмкіндіктерге есік ашады. Бастысы тоқтамаңызшы!
215 viewsАрыстан Атаманов, 15:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 18:21:38
Дональд Трамптың «Ешқашан берілме!» атты Жазбадан мотивация алатындарыңызға сенімдемін.

Өмірде адам басынан қиыншылық өтпей қоймайды.
Бұл сөзіммен бәрі келісер... Қандай сынақ болмасын оны бастан кешірген адамдар бір-бірін жақсы түсінеді. Бір жазушы айтып еді: бұл жерден әлі ешкім тірі кеткен жоқ деп. 90-жылдары менің өз кепілдігіммен алған қарызым 975 миллион болды. Банкорт болдым, банктер кудалады, адамдардың барлығы мені көрсе ат тонын ала қашатын. Тоқырау кезеңі еді, жылжымайтын мүлік нарығы уақытша өмір сүруін тоқтатты. Бір сөзбен айтқанда, қайғылы кездер болды. Радиостанциялар бұл жаңалықты жедел таратты. Барлығы тек менің империямның құлағаны туралы айтып жатты. Ол әлем жаңалығына айналды, бір ауыздан барлығы «БІТТІ!» деді. Әрине, бұл керемет жаңалық болар еді, менің орнымда басқа біреу болса! Өмірімнің өте қиын кездері... Кінәм, өзімді сәл жетістікке жеткеннен соң, патша Мидас сезініп кеткенім болды. Ақыры мені құртқан өзімшілдігім болды.

#1 бөлім
43 viewsАрыстан Атаманов, 15:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 17:49:14 Күнделікті өмірде біз көптеген келеңсіздіктерге тап боламыз. Сынаққа шыдамай өмірге жеңіл қарап, қанша адамдар сынып жатыр. Өзін керексіз бір адам ретінде сезініп, түңіліп кететін адамдар да болады, солай емес пе? Тіпті, бастамай жатып, қол сілтейтіндер де жеткілікті. Ондайларды «Жаңбыр жаумай су болғандар» деп жақсы келтірген. 
65 viewsАрыстан Атаманов, 14:49
Ашу / Түсініктеме