Get Mystery Box with random crypto!

Мағыналы Сөздер және Мотивация 🖊✒️

Telegram арнасының логотипі magynali_sozder_turali — Мағыналы Сөздер және Мотивация 🖊✒️ М
Telegram арнасының логотипі magynali_sozder_turali — Мағыналы Сөздер және Мотивация 🖊✒️
Арна мекенжайы: @magynali_sozder_turali
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.36K
Арнадан сипаттама

Сәлем достар! Мағыналы сөздер мен цитата✍️💌? 🖊 Қазақша дыбыстама! ✓
Каналды 2К жеткізіп тастайық достарымызбен бөлісіңіз! https://t.me/magynali_sozder_turali

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2021-11-18 17:19:38 На белом холсте обыденности мы рисуем мечту кистями поступков, окуная их в глубины разума. Лишь используя ту палитру, что подсказала нам сама природа, мы нарисуем прекрасную картину своей жизни!

Красный – Кротость
Оранжевый – Осознание
Желтый – Жизнерадостность
Зеленый – Заботливость
Голубой – Гармоничность
Синий – Сострадание
Фиолетовый – Фееричность
274 viewsАрыстан Атаманов, 14:19
Ашу / Түсініктеме
2021-11-18 17:09:23 Егер өмірден шаршасаңыз, онда соқырға көзіңізді, мылқауға тіліңізді, саңырауға құлағыңызды беріңіз. Сіз бағаламайтын нығметтерді олар аңсайды.
286 viewsАрыстан Атаманов, 14:09
Ашу / Түсініктеме
2021-11-10 17:58:40
МЕНІ СҮЙМЕ, СЫЙЛАЙ БІЛШІ ОДАНДА

Мені сүйме, сыйлай білші оданда.
Сүю көпте, сыйлау аз ғой қоғамда.
Сүйіп тұрып сырқыратсаң сүйекті.
Біреу сүйген, сыйсыз адам болам да!

Мені сүйме, сыйла жаным дұрысы.
Сыйластықта, сезімдердің ұлысы.
Сүю деген тым ыстық қой күйдірер.
Ал сыйластық, жанға жағар жылысы.

Мені сүймей, сыйлай білсең болады,
Сыйластыққа, көңілім де толады.
Бұл жүрегім, сүйгендерден безсе де,
Сыйласқанды, ұнатады ол әлі.

Сондықтан да, сый күтемін сенен мен.
Сый арқылы, нәр алайық тереңнен.
Сүю деген, нәзік сезім білемін.
Сыйластығым, одан артық дегенмен.

Мені сүйме, сыйлай білші оданда.
Қиын емес үйренесің оған да.
Махаббатта сүю керек түсінем,
Сыйлай жүріп, сүйсең қарсы болам ба?!
1.1K viewsАрыстан Атаманов, 14:58
Ашу / Түсініктеме
2021-11-10 17:51:23
Ешқандай адам қатыгез, дөрекі болып өмірге келмейді. Бәрінің де бастапқыда жүрегі мейірімді, таза болады. Бірақ алданып, сатқындық көрген соң, қатал болып кетеді. Мейірімділігін дөрекіліктің астына жасырады...
972 viewsАрыстан Атаманов, 14:51
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 16:50:41 Қазіргі таңда сізге керекті 5 ереже

1.Әр уақытыңызды босқа өткізбеңіз

Иа барлығымызда жалқаулық бар, ылғи да ештеңе істемей ұялы телефонда отырғымыз келеді.Бірақ сәл уақыт болсын ертеңіңізді ойлап көріңізші. Қазіргі жіберген 1 минутыңыз болашақта мүлде қайтып келмейді

2.Ұнайтын іспен шұғылданыңыз

Өмір бір ақ рет беріледі, осы қамшының сабындай қысқа өмірде кішкене болсын өзіңіздің айтқаныңызбен жүріңіз. Және басқаларға да сондай талап қойыңыз

3.Армансыз өмір сүрмеңіз,мақсат қойыңыз

Армансыз адам, қанатсыз құспен тең дейді. Бұл дұрыс айтылған. Егер болашаққа әлі арманыңыз мақсатыңыз жоспарыңыз жоқ болса, дереу арада ойланыңыз. Сіз нені қалайсыз?Оны шын жүректен қалайсызба? Әлде біреу солай айтты ма?

4.Қоршаған ортамен жақсы қарым қатынаста болыңыз

Бұл біреугі өліп өшіп араласыңыз дегенді білдірмейді. Бірақ мейілінше ашық жарқын болуға тырысыңыз.Және мен онымен жақсы араласуым керек екен деп өз жоспарыңыздың барлығын айтудың қажеті жоқ

5.Отбасы мен тату болыңыз

Бұл әр адамзат үшін маңызды. Сіздің ата анаңыз бар, бауырларыңыз да жетерлік. Неге оған қуанбасқа? Не де болса олар сізді әрқашан қолдайды.Олармен ешқашан сөзге келіп қалмаңыз. Әрине білемін біреулер үшін бұл қиын, бірақ бақыттың кілті осы отбасында
1.1K viewsАрыстан Атаманов, 13:50
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 16:45:30
Шамам келсе, кез келген адамға қамқор болып, қайтарымсыз жәрдем бере аламын. Біреуге көмектескен кезде өзім де марқайып, рақаттанамын. Қайырымды болу үшін күшті болу керек. Бірақ «жоқ» деген сөзді де айта білу керек.
1.0K viewsАрыстан Атаманов, 13:45
Ашу / Түсініктеме
2021-11-01 16:49:42 Түрік әні
1.7K viewsАрыстан Атаманов, 13:49
Ашу / Түсініктеме
2021-11-01 16:45:24
Есіңізді жиыңыз. Сізге енді ешкім көмек бермейді. Сізді енді ешкім қолдамайды. Сізді енді ешкім жұбатпайды. Сізді енді ешкім бұрынғыдай құрметтемейді.

Сіз ешкімге керек емессіз. Сіз өзіңізге керексіз. Сіздің тəніңіз сізге керек. Сіздің күшіңіз сізге зəру. Бұрынғыдай басқа жанға сенім артуды қойыңыз. Өзіңіз үшін жауап беріңіз. Өзіңіз үшін сағыңызды сындырмай, орныңыздан тұрыңыз. Сіз мықтысыз! Сіздің қолыңыздан барлығы келеді! Сіз жалғыз емессіз! Сізбен бірге сіздің сеніміңіз бар . Сол есізнізде болсын
1.7K viewsАрыстан Атаманов, 13:45
Ашу / Түсініктеме
2021-11-01 16:41:30 Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы мынада:
Біреулері нені айтуға, нені істеуге тиіс екенін әуелі ойлап алады, енді біреулері айтарын айтып, істерін істеп алғаннан кейін барып ойланады.

Лев Толстой
1.5K viewsАрыстан Атаманов, 13:41
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 17:35:46
Адамның бәрінде арман бар.
Барлығы қиялдай алады.Айырмашылық әрекет етуде ғана...
1.6K viewsАрыстан Атаманов, 14:35
Ашу / Түсініктеме