Get Mystery Box with random crypto!

Қазақша кітаптар

Telegram арнасының логотипі kzkitap — Қазақша кітаптар Қ
Telegram арнасының логотипі kzkitap — Қазақша кітаптар
Арна мекенжайы: @kzkitap
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 62.16K
Арнадан сипаттама

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2023-11-07 09:08:41 https://t.me/kzkitap
16.1K viewsedited  06:08
Ашу / Түсініктеме
2023-11-07 09:08:33
Медеу Сәрсеке - Деректі хикаяттар

Осы кітапта шерлі тағдыры сөз болатын бес ағайынды Қадылбековтердің алғашқы екеуі – Кодаленко атанған Нұрғали мен Мерғали – өз заманында мемлекеттік қыруар еңбектерімен күллі Қазақстан атырабына танылған айтулы қайраткерлер.
Эссе түрiнде қағазға түскен екінші хикаят, «Мен білетін Ер Ғабең» деген атынанақ аңғарылып тұрғандай, 196070 жылдарда араласқұралас болып, шәкірт ретінде жақынжуық жүріп, ғұмыр жолын, жазушылық өнерін, азаматтық ділін жете таныған көркем сөздің хас шебері Ғабит Мүсіреповтің өміріндегі ұлағатты оқиғаларды саралап өрнектеуімен дараланады.
16.4K viewsedited  06:08
Ашу / Түсініктеме
2023-11-06 17:10:01 Қазір каспиді білмейтін, каспиі жоқ адам аз шығар. Сол каспи біз үшін тағы нәрсе ұсынып жүр. Ол каспи-дүкеннің кітап бөлімі. Мұнда таңдаған кітабыңызды сатып алуға немесе несиеге, болмаса каспи ред арқылы бөліп төлеуге алуға болады. Оқитын адамға мүмкіндік көп.


https://kaspi.kz/shop/c/books/?q=%3AavailableInZones%3AMagnum_ZONE1%3Acategory%3ABooks%3ABooks*Language%3A%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9&sort=created-desc&sc

Қазақша кітаптарды сатып алу арқылы кітаптың көптеп шығуына сеп болатынымызды ұмытпайық.
14.8K viewsedited  14:10
Ашу / Түсініктеме
2023-11-06 07:59:29 Кітап туралы қызықты мәліметтер:

Баланы оқу-білімге үйрету 7 жасқа қарағанда 4-6 жасында оңайырақ жүреді.
***
Ер адамдарға қарағанда әйелдер көп кітап (68%) сатып алады.
***
Италиялық Рио Козелли ең іш пыстырарлық кітаптарды жинайды. Оның топтамасында 10 мың том кітап бар. Бір Италия ақыны кітабын сол жерден көріп, өз-өзіне қол жұмсауға шақ қалған.
***
Әлемде кітаптардың жартысынан көбін 45 жастан асқандар сатып алады. 
***
Бір роман жазуға шамамен 500 сағат уақыт кетеді екен. 
***
Хормен кітап оқу марафонының ең ұзақ уақыты – 224 сағат.
***
Дүниедегі ең үлкен сөздік – «Неміс сөздігі» (Deutsches Wortetbuch), оны 1854 жылы Якоб пен Вильгельм Гримм жаза бастаған. Кейін басқа да ғалымдар толықтырып, 1971 жылы жазылып біткен. 33 томнан тұратын кітаптың 34519 беті бар.
***
Қазіргі заманғы ең танымал жазушы – Агата Кристи. Оның кітаптары әлі де әлемнің 50 тілінде баспадан шығып келеді. Осы күнге дейін Агата кітаптарының таралым саны 2 миллиардтан асты. 
***
Әлемдегі ең ауыр кітап – Ұлыбритания мұражайында сақталып тұрған XVII ғасырға тән географиялық карта. Оның бойы 1,9 метр; салмағы 320 киллограмм.
***
Google әлемде жарық көрген барлық әдеби, ғылыми, публицистикалық шығармалар санын есептегенде олардың саны 130 миллионнан асқан.
***
Миутына 2000 сөз оқыған Наполеон әлемдегі ең танымал кітап кейіпкері. Ол туралы 10 мыңнан астам түрлі жанрларда кітап жазылған.
***
95% адам минутына 210 сөз немесе 2 минутта 1,5 бет оқыса, Бальзак жарты сағатта 200 бет оқыған.
***
Бұрын кітап аса қымбат қазына боп есептелген. ХVIII ғасырға дейін кейбір кітапханалар кітапты шынжырмен байлап қойған.
***
Кітапты ақырын оқысаңыз 60 пайызын, тез оқысаңыз 80 пайызын есте сақтап қаласыз. 
***
Әлемдегі ең үлкен кітап гонорарын Рим императоры Марк Аврелий грек ақыны Оппианға төлеген. Оның «Балық ұстау және ау» (Галиевтика, Ἁλιευτικά) дастанының әр бетіне 1 дана алтыннан төлеп отырған. Дастан 20 мың бәйіттен тұрады екен. 
***
Әлемдегі ең қымбат "Лестерс кодексі" (Codex Leicester) кітабын Леонардо до Винчи қайта көшіріп шыққан, оны атақты Билл Гейтс бәссаудада 30,8 миллион долларға сатып алған.
***
Танымал голланд дәрігері Герман Бургавенің «Медицина өнерінің жалғыз һәм терең сыры» атты кітабы өзі қайтыс болғаннан кейін 1738 жылы 10 мың долларға бәссаудада сатылады. Әдемі безендірілген және құлыпталған 100 беттен тұратын кітапты ашқанда, барлық беті бос болып шыққан. Тек, бірінші бетке ғана «Басыңды суықта қалдырсаң да, аяғыңды жылы ұстасаң, сен ең білікті дәрігерлерді де кедей етесің» деп жазылған бір ғана сөз болған.
***
Дүниедегі ең ежелгі кітап біздің заманымызға дейінгі 3350 жылы жазылған. Бұл қолжазба оны тапқан Эмил Присс құрметіне "Присс папирусы" деп аталған. Авторы перғауынның уәзірі – Пта Готеп. Ол жастардың еріншектігін, жалқаулығын сынаған. 
Т. Раушанұлы

https://t.me/kzkitap
13.6K viewsedited  04:59
Ашу / Түсініктеме
2023-11-04 19:14:31
Ең өкініштісі, ақпараттық соғыста шындықты айтқан адам әрқашан жеңіледі. Ол шындық шекарасынан аса алмайды, ал өтірікші аузына келгенін айта салады.

Роберт Шекли

https://t.me/kzkitap
15.1K views16:14
Ашу / Түсініктеме
2023-11-04 07:16:18 https://t.me/kzkitap
15.4K viewsedited  04:16
Ашу / Түсініктеме
2023-11-04 07:16:11
Талғат Кеңесбай - Әңгімелер
15.7K views04:16
Ашу / Түсініктеме
2023-11-02 17:02:45 Арнаға жарияланып жатқан жарнамаға кешіріммен қараңыздар.

Сіздер мүмкін мұны оқырман назарын ақшаға айырбастау деп ойларсыздар. Олай ойласаңыз қате түсінік. Негізгі мақсатымыз: арнаға оқырман жинау, кітап оқитын оқырман шақыру және олардын кітапқа деген қызуғушылығын арттыру.
Егер арна админіне бәрібір болатын болса, баяғыда-ақ орыстың жарнамасы мен ставкасының, букмейкерлердің жарнамаларын, т.б. жарнамалар салып, түк болмағандай отырар еді.
Саралап, сіздерге өтеді-ау дегенін ғана жариялаймыз. Әлбетте жарнамадан түсетін қаражат, жасалып жатқан жұмыстың қаржылық мәселесін шешетінін жасырмаймыз.
Сіздер де белсенді болып, дос-жаранды арнаға қосуға, кітапқұмарлар санын арттыруға атсалыссаңыздар. Біз де шабыттана жұмыс істеп, сіздерге қызық кітаптар ұсынайық.)
16.2K views14:02
Ашу / Түсініктеме
2023-11-01 07:15:25 https://t.me/kzkitap
14.1K viewsedited  04:15
Ашу / Түсініктеме
2023-11-01 07:15:13
Карлос Луис Фальяс - Кек
13.9K views04:15
Ашу / Түсініктеме