Get Mystery Box with random crypto!

• Адамдардың эмоциясына əсер ету адамды робот секілді бағдарла | Қазақша кітаптар

• Адамдардың эмоциясына əсер ету адамды робот секілді бағдарламалап, оның логикалық ойлау қабілетін бұғаттап тастайды. Яғни адам, болып жатқан жағдайды қалыпты түрде сараптай алмайды. Жəне де эмоциялық факторды пайдалану адам санасының қақпасын ашады, жəне ашылған санаға қиял, қорқыныш, мəжбүрлеу қорқыныш дегендерді оңай толтырады. Терроризмнің қатыгездігі, үкіметтің əділетсіздігі, аш-жалаңаш жүргендердің қиналғаны, осының бəрі дерлік эмоция, ал бұл шынайы болып жатқан жағдайдың себептерінің бетпердесін ашпай, жабық күйінде қалдырады. Эмоция – логиканың жауы.

7. Адамдарды қараңғылықта надан етіп ұстау.

• Адамдар өздерін қалай басқарып отырғандығына бас ауырпайды, тіпті басы жетпейтін надан екенін түсіне алмайтын дəрежеге жетеді. Білім беру саласына ең төмен адамды отырғызады, себебі надандықты ары қарай дамытып, саналы қоғамға жеткізбес үшін. Жəне өмір бойына надан болып өту үшін. Ал осының бəріне қарсы шыққан, саналы адам пайда болса, онда оны надан, ақымақ деп ортадан қуады. Жəне саналы адамның көзқарасы еш жерде айтылмайды да, жазылмайды да.

8. Адамдардың санасына дарынсыздарды, қасиетсіздерді керемет қылып көрсетеді

• Қоғамға топас, тəрбиесіз, тұрпайы сөз қосатындарды сəнді қылып көрсетіп, саналарына сіңдіру. Бұл əдіс алдыңғы əдіспен пара-пар келеді. Себебі дарынсыздық қазірде барлық салаларда кездеседі. Діннен бастап, ғылымға дейін, өнерден бастап саясатқа дейін дарынсыздар қаптаған. Телеарналардан беретін ұрыс-керістер, сасық əңгімелер, сиқырлар, күлдіргіштер, бəрі де – бір мақсатқа келіп тіреледі. Ең бастысы адамдардың санасын өсірмеу, дамытпау, шындықты көргізбеу.

9. Халыққа өзін кінəлі сезіну синдромын күшейту

• Адамдардың бақытсыз болғанына, ақшасы болмағанына кінəні тек өзінен іздет. Яғни ақылым жетпеді, мен топаспын деген стереотиптерді сіңдіру. Яғни адамдар айлықтың аз болғанына экономикалық жүйеге қарсы шығудың орнына, кінəні тек өзінің бойынан іздеп, өзін-өзі кемсітіп, өз-өзін ішінен жеп жүретін, қолынан іс келмейтін адамға айналады. Ал түңілген, қолынан іс келмейтін адамның ойына революция ойына кіріп те шықпайды. Жəне саясаткерлер, оқымысты психотерапевттар мен діни қайраткерлер көбіне осындай əдісті адамның түңілуіне, өз-өзін рухни жегізуге көп қолданады.

10. Өзінен гөрі өзгелер туралы көп білгізу саясаты

• Соңғы 50 жылда ғылымның шарықтай дамуының арқасында басқарушы таптың білімімен бағынушы адамдардың білімінің арасы алшақтай түсуде. Биология, нейробиология жəне қолданбалы психологияның арқасында «жүйе» адамдар туралы өте маңызды ақпараттарды, физиологиямен психология жағынан да білімдерін күшейтті. Жүйе адамдар туралы өте көп нəрсе түсініп, біле бастады. Бұл дегеніңіз қандай жағдай болмасын жүйе адамдардан, халықтан өте зор билікті өздеріне қалдыра бермек.

https://t.me/kzkitap