Get Mystery Box with random crypto!

АДАМДЫ БАҚЫТСЫЗДЫҚҚА ҰРЫНДЫРАТЫН 18 СЕБЕП 1. Үнемі «басқалар | ҚҰРАН НАСИХАТ

АДАМДЫ БАҚЫТСЫЗДЫҚҚА ҰРЫНДЫРАТЫН 18 СЕБЕП

1. Үнемі «басқалар не айтар екен?» деп алаңдап жүру;
2. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүретін жолды таңдау;
3. Жалқаулану;
4. Тәуекел етуден қорқу;
5. Барлығына жағуға тырысу;
6. Жақындарың мен ата-анаңды ұмыту, олардың разылығын алмау;
7. Бос уақытты төрт қабырғада өткізу;
8. Өзіңді кінәлай беру;
9. «Қолымнан келмейді» деп үміт үзу;
10. Өкіну, өткен күннің шырғалаңынан шыға алмау;
11. Кек сақтау, біреуді жек көру;
12. Жауапкершіліктен қашу;
13. Орындай алмайтын уәде беру, сөзде тұрмау;
14. Жаман нәрселерді ойлау;
15. Біреудің жетістігін көре алмау, қызғану;
16. Үнемі өзгелерді кінәлауға асығу;
17. Жаман әдетке салыну (шылым шегу, арақ ішу, құмар ойын, т.б)
18. Өмірге, тағдырға налу. Баста тұрған бақытты бағалай алмау.

Күндеріңіз сәтті өтсін!
Жұма мүбәрак болсын!
@kuran_nasikhat