Get Mystery Box with random crypto!

'ЖАҚСЫ ІСТЕР АДАМҒА СҰЛУЛЫҚ БЕРЕДІ!' Сахабалардың бірі Ибн Аб | ҚҰРАН НАСИХАТ

"ЖАҚСЫ ІСТЕР АДАМҒА СҰЛУЛЫҚ БЕРЕДІ!"

Сахабалардың бірі Ибн Аббас (р.а) былай деген:
Жақсы істер:
Адамның жүзіне нұр береді, түрін сұлуландырады
Жүрегіне жылу;
Денесіне күш-қуат сыйлап,
Ризық-несібесін молайтады
және адамдардың оған деген махаббатын арттырады,
ондай адамды барлық жаратылыс жақсы көріп тұрады. Оның адамдар арасындағы қадір-құрметі артады!

Ал жаман іс (күнә):
адамның жүзіне қатқылдық, салқындық беріп,
жүрегін қарайтады,
өзін әлсіздікке ұрындырып, несібесінің ортаюына әкеліп соқтырады.
Және мұндай адамның дүние-мүлкі азайып, шығыны көбейе түседі.
(әл-Уабил әл-Сайиб, 34, 36-беттер)

Шынында да, кейде бір адамдарды көріп жүзің қуанады. Саған ештеңе істемесе де сыртынан жақсы көріп тұрасың, оған деген махаббатың оянады. Сонымен араласқың, дос болғың келеді. Біздің бабаларымыз «Түсі игіден түңілме» деп сондықтан айтқан екен ғой!

@kuran_nasikhat