Get Mystery Box with random crypto!

Осы дұғаларды оқып жүру арқылы өзімізді, отбасы, бала-шағамызд | ҚҰРАН НАСИХАТ

Осы дұғаларды оқып жүру арқылы өзімізді, отбасы, бала-шағамызды шайттаның азғыруынан, түрлі бәле-жаладан қорғап жүрейік!

1. Үйден шыққан кезде айтылатын дұға:
Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім. Алла (Тағаланың) күш–қуатынан асатын ешқандай күш – қуат жоқ.
«Бисмилләһ, тәуәккәлту ъаләллаһ, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ»

2. Үйге кірер кезде айтылатын дұға:
Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық. Раббымызға тәуекел еттік. ( Кейін үй ішіндегілерге сәлем берсін делінген).
«Бисмилләһи уәләжнә, уә бисмилләһи харажнә, уә ъалә раббинә тәуәккәлнә»

3. Әжетханаға кірер кезде оқылатын дұға:
Иә, Алла! Шын мәнінде, мен ер және әйел жын-шайтандардан Өзіңе сыйынамын.
«Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл -хубси уәл-хабәис»

4. Әжетханадан шыққан кезде айтылатын дұға:
(Иә, Алла!) кешіріміңді сұраймын.
«Ғуфранәк»

5. Тамақтанар алдында айтылатын дұға:
Иә, Алла! Бізге бұл тамаққа береке бер және бізге одан жақсысын нәсіп ет.
«Аллаһуммә бәрик ләнә фиһи уә атъимнә хайрам-минһ»
Немесе, «Бисмилләһ» (Алланың атымен ) деп айтуларыңызға болады.

6. Көлікке мінген кезде айтатын дұға:
Алланың атымен, Аллаға шүкір!
«Бисмилләһ(и), әлхамду лилләһ”

7. Ұйықтар алдында оқылатын дұға:
Екі алақанын біріктіре жайып, көкірек тұсына әкеледі де, кейін: «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін оқып, алақанына үрлеп дем салады. Кейін Әятул – Курсиді оқиды.

8. Таңертең ұйқыдан оянған кезде айтылатын дұға:
Бізді жан тапсырған соң қайта тірілткен Аллаға шүкір! Әрі біз Оған қайтушымыз.
«Әлхәмду лилләһил-ләзи ахйәәнә бәъдә мә әмәәтәнә уә иләйһин - нушур»