Get Mystery Box with random crypto!

Өмірімізде қанша жыл ораза ұстадық? Біреу 10 жыл, біреу 2 жыл, | ҚҰРАН НАСИХАТ

Өмірімізде қанша жыл ораза ұстадық?
Біреу 10 жыл, біреу 2 жыл, бәлкім, біреу 30 жыл бойы ұстап жүрген болар?!
Бірақ мәселе онда емес. Мәселе - біздің жақсылыққа қарай қадам басуымызда, жақсы жаққа қарай өзгеруімізде. Бұған дейін ұстаған оразаларымыздың пайдасын көре алдық па?
Ораза бізді тәрбиеледі ме?
Ораза бізді ата-анамызға қайырлы перзент ете алды ма?
Туыс-туғанымызға жақындатты ма?
Рамазанда Құдайды тани алдық па?
Құранды қаншалықты жаттадық?
Құдайға жақынбыз ба?..
***
Рамазанның соңғы күндерде өзіңе АЙҚЫН МАҚСАТ қой:
«Бұл Рамазаннан мен өте көп пайда аламын;
Құдайға жақындаймын;
айналама жұғымды, көркем мінезді боламын;
Алланың тыйымынан тыйылып, разылығын алуға ұмтыламын» де!
Оңға қарасаң да, солға қарасаң да, артыңа қарасаң да, алдыңа қарасаң да – барлық жерде осы бір ғана мақсат тұрсын. Сол кезде ғана соған қарай ұмтыласың, соған жетуге талпынасың. Және Алланың қалауымен жетесің! Себебі, Алла: «Кім Маған бір алақан жақындаса, Мен оған бір білекке жақындаймын, кім Маған бір білекке жақындаса, Мен оған бір құлашқа жақындаймын, ал кім Маған қарай жүрсе, онда Мен оған қарай жүгіремін!» – деген.
(Бұхари, Муслим)

@kuran_nasikhat