Get Mystery Box with random crypto!

ПІТІР САДАҚАСЫ ЖАЙЛЫ... Пітір садақа оразада кеткен кемшілікт | ҚҰРАН НАСИХАТ

ПІТІР САДАҚАСЫ ЖАЙЛЫ...

Пітір садақа оразада кеткен кемшіліктердің орнын толтырады, пітір садақа сауаптарыңызды еселейді, пітір садақа игілік пен жақсылықтың, ризықтың есігін ашады! Ендеше, бүгін сол пітір садақа туралы бірнеше сұрақтарға жауап бере кетсек дейміз

1. ПІТІР САДАҚАНЫ БЕРУ КІМДЕРГЕ МІНДЕТ БОЛАДЫ?

Пітір садақа беру - мүмкіншілігі бар әрбір мұсылманға міндет. Бұл туралы Ибн Умар: «Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) зәкат әл-фитрді бір са’ азық-түлік ретінде таратуды бұйырды. Ол мұны мұсылмандардан болған құл мен еркін адамға, еркек пен әйелге, кіші мен қартқа бұйырып, оны айт намазына шығудан бұрын беруді әмір етті», - деген. (Бұхари 1503) Ал шамасы келмейтін мұсылмандарға пітір садақа парыз емес. Бұл туралы «Мүмкіншілігі жоқ кісі фитрді беруге міндетті емес екеніне ғалымдар бірауыздан келіскен» деген Имам Ибн әл-Мунзирдің қолтаңбасына сүйенсек болады.

2. ПІТІР САДАҚА ҚАЙ УАҚЫТТА БЕРІЛЕДІ?
 
Ислам ғалымдары: «Фитрді өз уақытында бермеген адам күнә жасады! Ол фитр беруді кешіктіргені үшін тәубе етіп, бәрібір оны кедейлерге беруге тиіс» деген қорытынды шығарған. Әрине, бұл туралы білмей қалған адамның жағдайы басқа. Сонымен, мұндай күнә жасамас үшін «пітірді қай уақытта беру керек?» деген сауалдың жауабына назар салғанымыз абзал. Ибн Умар былай дейді: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) фитрді айт намазына шығардың алдында беруді әмір еткен» (Бұхари 1503). Сондай-ақ, Имам Ибн әт-Тин: «Фитр беру уақыты - таң намазынан бастап айт намазына дейін», - деген (“әл-Мутауари” 135, “Фатхуль-Бари” 3/478).
Әйткенмен, егер мұсылман айт намазына дейін беруге үлгермей қаламын деп қауіптенсе, онда оны айт намазына дейін бір-екі күн бұрын берсе болады. Бұл жалпы ережеден тыс жағдай. Нәфи` былай деген: «Ибн Умар кейде зәкат әл-фитрді айттан бір-екі күн бұрын беретін еді» (Бұхари 1511, Муслим 986). Кейбір ғалымдардың айтуынша, Ибн `Умар пітірді бір-екі күн бұрын кедейлердің өзіне емес, пітір жинауға тағайындалған кісіге беретін еді. Бұл мағлұматты басқа хабарлар растайды. Нәфи: «Ибн `Умар зәкат әл-фитрді айттан бір-екі күн бұрын оны жинап жүрген адамға жіберетін», - деп айтқан (Мәлик 1/285).
Алайда егер адам пітірді беруге үлгермей немесе оны ұмытқан болса, онда ол төлеуді талап ететін қарыз болып табылатындығына ғалымдар бірауыздан келіскен.
 (“Мәусу’әтул-фиқһия” 41/43)

3. ПІТІР САДАҚА КІМГЕ БЕРІЛЕДІ?

Пітір тек кедейге берілген кезде ғана төленген болып есептеледі. Ол кедейге немесе фитрді жинайтын сенімді кісіге уақытылы жетуі керек. Кедей адам өзіне тиесілі зекетті жинауды басқа біреуге тапсыруына болады.
Ал «Базарларда немесе көшеде қайыр тілеп жүргендерге пітір садақа беруге бола ма?» деген сауалға Ислам ғалымдары «Фитр кедей мұсылмандарға беріледі, тіпті егер олар күнәһар болса да, бірақ діннен шықпаған болса. Кедейдің сыртқы жағдайына қарау керек, тіпті егер ол іс жүзінде бай болып шықса да. Алайда, шама келгенше шынайы кедейлерді іздеу керек. Егер адам берген зекетінің жағдайы бар адамның қолына түскенін білсе, онда бұл оның зекетіне зиян тигізбейді» деп жауап берген. (“Фәтауа № 3055)
Пітір-садақаны басқа дін өкілдеріне және діннен шыққан адамдарға беруге болмайды, өйткені зекеттің парыз үкімдерінде оларға ештеңе тиесілі емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды Исламға шақыру үшін Му`азды Йеменге жібергенде, былай деген: «Егер олар саған бұл нәрседе (яғни бірқұдайшылық пен намаз оқуда) бағынса, онда Алла олардың байларына кедейлерінің пайдасына зекет берулерін әмір еткенін оларға хабарла» (Бұхари 3/225, Муслим 19)

Сондай-ақ, ата-анасы, балалары мен әйелі сияқты өзі асырауға міндетті кісілірге пітір-садақасы берілмейді. Бұл туралы Имам Малик: «Өзің асырауға міндетті жақын туысқандарыңның қатарындағы кісілердің ешқайсысына зекет берме!», - деді (  “әл-Мудауина” 1/344)

4. ПІТІР САДАҚА БАРЛЫҚ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ ҮШІН ТӨЛЕНЕ МЕ?

Иә