Get Mystery Box with random crypto!

«НАМАЗ ОҚУҒА ӘЛІ ДАЙЫН ЕМЕСПІН...» ДЕП ЖҮРСІЗ БЕ? ⠀ Намаз – а | ҚҰРАН НАСИХАТ

«НАМАЗ ОҚУҒА ӘЛІ ДАЙЫН ЕМЕСПІН...» ДЕП ЖҮРСІЗ БЕ?

Намаз – адамның барлық арман-тілектерінің қабыл болатын сәті. Адамды күнәдан тазартатын әрі сол арқылы сол күнә-қателіктің кесірінен басыңызға келетін бәле-жала, жолыңыздың жабылуы сияқты бәлекеттердің алдын алатын ұлы құлшылық!

Төрт-ақ қимылдан тұратын, Алла парыз еткен құлшылықтардың ең жеңілі. Адамның Аллаға ең жақын болатын кезі де - осы намаздың ішінде. Сондықтан да Алласын таныған әрбір қазақтың жүрегінің түкпірінде «әйтеуір бір намаз бастауым керек» деген құлшыныс тығылып жатыр. Бұл құлшыныспен бірге шайтан салатын күдікті ойлар да қатар жүреді. Бұл, сөзсіз, діннің емес, жынның салған шатпағы.
*
Егер сіз «Намаз оқуға әлі дайын емеспін» немесе «намазды бастаған соң тастамау керек, ал мен тастап кетемін ғой. Өйтіп намазды қорлағанша оқымай-ақ қойғаным жақсы» деген ойларға тұншығып жүрген болсаңыз, мынаны оқыңыз:
*
«Намаз оқуға әлі дайын емеспін» деген сөз сіздің шынымен де дайын емес екендігіңізді білдірмейді. Бұл - жай ғана шайтанның салған ойы. Ғылымда мұны «прокастинация» деп атайды. Яғни адам «мен мұны кемеліне жеткізуім керек» дейді де, кейінге шегере береді. Түбінде ол іс жасалмайды. Намазды ешкім толық дайын болып бастамаған. Намаз бастап кетуіңіз үшін оның парыз екендігі әрі сізге әкелетін пайдасы жеткілікті дәлел. Сізге біреу «маған күнде 5 рет келіп тұрсаң қомақты қаражат беріп тұрамын» десе, сіз ешқашан оны ертеңге қалдырмас едіңіз. Ал намаз – барлық берекенің есіктерін ашатын қысқа әрі жеңіл амал!

@kuran_nasikhat