Get Mystery Box with random crypto!

Kongressman

Telegram арнасының логотипі kongressman12 — Kongressman K
Telegram арнасының логотипі kongressman12 — Kongressman
Арна мекенжайы: @kongressman12
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 221
Арнадан сипаттама

Жас пікірсайысшыға тәжірбиелі пікірсайысшыдан кеңестер мен бағыттар

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-03-11 19:15:54 Қазақстан экономикасы мен әлемдік қарым қатынасты сақтап қалғысы келсе келесі заттарды жасауы керек деп ойлаймын. Бұларды істеу өте қиын және оған қоғамның қолдауы өте қажет.

1) ЕврАзЭС-тен шығуға әрекет ету
2) Байқоңырды жалға алу мерзімін тоқтату немесе ол жерде Қазақстандық суверинитетті қалыптастыру
3) Қазақстан азаматтығын алуды қиындату. Мүмкін тіпті тоқтатат тұру, тек ерекше жағдайды ескеріп азаматтық беру
4) Жаңа экономикалық серіктестер мен жолдар қарастыру
5) Банк жүйесін Ресейден барынша тәуелсіздендіру

тағы не істеуі керек деп ойлайсыздар?
266 viewsҚуаныш Молдакашев, 16:15
Ашу / Түсініктеме
2022-03-10 20:27:39 Көршілер оқиғасына бірнеше болжам айтып көрейін) Нақты бір анализге сүйендім деп айта алмаймын тек ойға келген заттар)

1) Адамзат тарихындағы соңғы “империя” осы жылдың бірінші жарты жылдығынан әрі өмір сүрмейді. Әрі қарай тек Ресей мемлекеті тіршілігін жалғастырады.
2) Ресей үшін жеңіспен байланыстырылатын мамыр айы келгенше кәзіргі билік ауысады. Басқа авторитарлы режим келуі мүмкін, бірақ ең жақсы сценарийде Навальныйды босатып алып билікке әкеледі.
3) ЕвАзЭС және ОДКБ сияқты ұйымдар таратылады. 2023 жыл жаңа аймақтық одақтардың құрылу жылы болады.
4) Күзден бастап жаңа территориялық талқылаулар басталады. Тіпті жаңа қақтығыстарға әкелуі мүмкін.
5) Ресейдің қалыпты өмірге келуіне бірнеше онжылдықтар қажет болады деп ойлайм, тіпті одан көп болмаса.

Жоғарыда айтқан заттар болу ықтималдылығы сәл болсын бар екені бәріне белгілі шығар, әлбетте ядролық қақтығыс болуы мүмкін және ол әлемдп барлық болжамдарды тас талқан етеді. Оған жеткізбестен Путинді тақтан тайдырады деп үміттенейік)
270 viewsҚуаныш Молдакашев, 17:27
Ашу / Түсініктеме
2022-02-26 21:42:29 SWIFT - ол банктер арасындағы мессенджер деп түсінуге болады. Яғни банктер арасындағы құжат айналымын іске асыратын және ақпарат алмасуды қамтамасыз ететінплатформа болып табылады. Әлемде осыған ұқсас бірнеше бағдарлама бар, бірақ ең ауқымдысы 11 мыңнан астам қаржы компаниялары қолданатын платформа болып табылады. Әлемнің ең ірі банктері және Ресейдің негізгі банктері осы платформаны пайдаланады. Банктер транзакциясының шамамен 80% осы бағдарламада жүреді.
Енді оны өшіру деген Ресейді оны қолдануға тиым салу дегенді білдірмейді, тек банктерге тоқтау қоятын болады. Яғни шектеу енгізілсе Ресейлік ірі банктер оны пайдалану құқығынан айырылады. Бағдарламаны тоқтаты туралы Европалық кеңес шешім қабылдайды, өздеріңіз білетіндей бүгін Ресей осы ұйымнан шығарылды. Яғни ендігі осы сұрақты талқылауға Ресей өзі қатыса алмайды. Бүгінге дейін оны тоқтату туралы кейстер болған ол Иран және Солтүстік Корея (неге екенін түсіндіру қажет емес деп ойлайм). Тіпті Ресейге қатысты қолданылған деседе болады, бірақ тек Крым аймағында ғана. Енді Ресейлік банктерді өшіргенде не болады деген сұраққа жауап берсек. Келесі үш жол бар деп айтуға болады.
1) Ресей 2014 жылдан бері өз ақпарат алмасу бағдарламасын дайындап дамытып келеді. Яғни осы қарар қабылданса соны іске қосады. Бірақ ол бағдарламаға кәзір тек Беларусь, Армения және Осетия ғана қосылған. Дегенмен ішкі қаржы айналымын осы бағдарламада жалғастыра алады деп ойлаймын.
2) Банктермен тікелей жұмыс жасау. Яғни Европалық банктерге тікелей почта немесе басқада ақпарат алмасу платформаларын пайдаланып қатынас жасауы мүмкін. Бұл ұзағырақ уақыт алады және қауіпсіздігі жоғары емес. Дегенмен жоқтан бар.
3) Беларусь немесе басқа Ресейге жақтас елдер арқылы жұмыс жасауы мүмкін. Яғни сол елдердег банктерді пайдаланады. Осы жерде тағы бір сұрақ шығады мысалы Сберді ол бағдарламадан өшірсе Сбердің Қазақстандық филиалдары да осы құқықтан айыралама деген. Менің ойымша олар бірден өшірілмейді, бірақ Ресейге көмектесу жағдайлары байқалса оларда сол қара тізімге енеді деп ойлаймын.
Енді оны өшіру Ресейге неге ауыр соққы. Түсініп тұрғандарыңыздай кәзір ақша аударымы қолма қол форматта жүрмейді. Осы үшінде электронды қызмет маңызды. Ал соғыс кезінде ақшаның айналыста көбірек жүретінің ескерсек тіпті осындай құралдар керек болады. СВИФТ болмаса Ресей қаржылық қарым-қатынаста қиындықтар алады. Себебі бұрынғыдан қарағанда көбірек қадамдар жасауы қажет болады, бұл уақытты алады. Ал кәзір уақыт деген үлкен қару. Әр жоғалтқан секундтар шығын мен Ресей мақсатына жетуге кедергі болады. Сонымен қатар СВИФТ тізімінен шыққан банктер өз акциясын одан әрі жоғалтады және Рубльді құнсыздануына одан сайын әсер ететін болады. Түптеп келгенде сол ортақ нәтиже экономикаға әсер етеді. Менің ойымша негізгі элита өз қаржысын жасыратын, көшіретін жер тауып оны іске асырып тастады. Енді зардап шегетін сол қара халық пен орташа кәсіп иелері. Ресей ауқатты ел және ол елдің азаматтары Европалық банктердің клиенттері. Осы себептенде мүмкін СВИФТті өшіру оңай болмай отырған. Әр кім пайда ойлайды дегендей. Бірақ Европаның өшірмеске амалы қалмаған секілді.

Енді Қазақстанға қатысты бұл тенгенің әлсіреуіне ықпал ететін сияқты. Бастысы бағанағы үшінші мысалдағыдай Қазақстан Ресей үшін қаржы айналымын іске асырушы "субподрадчик" болып кетпесе екен деген ой. Әйтпесе санкцияға ұшыраған компанияға көмектескен тарап ретінде бізде зақым алуымыз мүмкін.
353 viewsҚуаныш Молдакашев, 18:42
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 11:11:02


Мына видеоны көруді ұсынамын. Бір-екі күнде бұл туралы да әңгіме айтатын шығармыз)
267 viewsҚуаныш Молдакашев, 08:11
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 05:44:31 Ең өкініштісі осы жерде "қалқан" болатын Украин азаматтары мен соғыс зардабынан ұзақ уақыт қиналатын, негізінде бұл соғысты қаламаған бірақ билігін тым еркінсітіп алған Ресей халқының зардап шегетіндігі.
Болар іс болды, осының нәтижесінен әлемдік басшылар сабақ алып бұл соңғы үлкен соғыс болса деп тілейік. Бірақ миымен дос емес саясаткерлер туып тұрмаса әлем қызық емес болып кететін сияқты)
253 viewsҚуаныш Молдакашев, 02:44
Ашу / Түсініктеме
2022-02-25 05:44:31 #УкраинаРесей

Украина арнайы қызмет өкілдерінің бүгінгі ақпаратына сәйкес Киевке шабуыл жасалынатыны және билік өкілдерін тұтқынға алып келісім-шартқа отыруыды жоспарлап жатқанын айтылады. Тура осы мәліметке сәйкес Ресей Украинаны екіге бөліп екі мемлекет құрмақшы дейді. Сол бұрынғы Германия немесе кәзіргі Корея кейсіндегідей. Және бұл мәлімдемені ең логикаға жақын және мүмкін сценарий деп ойлаймын.

Путин мақсаты толық Украинаны жаулап алу болмағанын басынан білеміз және ол мүмкін емес. Европа өз шекарасының жанына агрессор әскерді орналастырып қарап отырмайды. Украинаны толық басып алу қауіпін сезгенде ғана әрекет етеді деп ойлаймын. Ал Ресей неге екі Украинаның болғанын жоспарлады дегенге келсек. Путиннің осы оқиға басталғалы айтып жатқан талабы Ресей шекарасына НАТО әскерінің жақындамауы еді. Яғни Украинаның НАТОға қосылуы Ресейдің стратегиялық маңызды өңірлері мен мекендеріне өте жақын қарсы тарап әскері орналасу қаупі болған. Украин билігін НАТОға кірмеуге немесе кірген жағдайда әскерді орналастырмауға көндіре алмаған Путин осылай әрекет етуде.
Шығыс және Батыс Украина мемлекетінің пайда болуы дәл кәзір Ресейге де Батысқа да ең оңтайлы шешім болуы мүмкін. Ресей "жарты" Украинаны өзінің қалқаны (буферлік аймағы) етіп қолданады, Батыс үшін де тікелей шекраға Ресей әскерінің келмеуі және тура солай өз тарапынан Украинаны қалқан етуі тиімді көрінуі мүмкін. Бұл Путиннің негізгі мақсаты және көзқарасы деп ойлаймын. Бірақ дәл кәзір ешкім Украинаны бөліп беріп қарап отырмайды. Кореяның да Германияның да кейстары бөлек мүлде. Ал Путин оны түсінбейтін сияқты. Неге екі Украина жоспары нәтижесіз екеніне тоқталсам.

1) Украин халқы. Кореяда халық кімнің жау кімнің дос екенің толық түсінбеген уақыт болған және осы кездей кімнің құтқарушы екенің де ұқпай қалған азаматтар бір-бірімен соғыс жағдайында тұрған. Ал Украин халқы дәл кәзір бұрын соңды болмаған бірігуде тұр, оны военкоматтардағы кезектен байқауға болады. Тіпті ДНР мен ЛНР халқының өзі Путин режиміне қуанышты емес деп ойлаймын. Себебі соңғы 8 жылда күткен бақытта өмір келмеді тіпті жағдайлары нашарлап кеткен. Азаматтарды бір-біріне айдап салмай мемлекеттік екіге бөлу өте қиын. Ал ЛНР мен ДНР сол беті мойындалмаған ел болып қала береді. Халықты біріктіруші және Путиндік режимнің алдауына түсірмейтін басты үш интернер және әлеуметтік желі. Ол барда ешкімді оңай алдау болмайды.
2) Әлем халқы. Европа билігі меған ештене болмаса болды жарты Украинаны ала бер деген саясат ұстанса кешелі бері көшеде ереуілдеген халық айқын наразылық білдіретін болады. Халық кәзір көбірек гуманды және соғыс атаулыны жек көреді. Ең бастысы әділеттілікті жақтайды. Яғни Европадағы билік басындағылар Ресей жоспарын орындауға рұқсат беріп қойса ол әрекеттері алдағы сайлауларда өздеріне мәселе болып туындайды. Бұл жердегі басты күш Демократия. Демократия барда әлемнің бейбіт болу мүмкіндігі сақталады.
3) Әлем елдері. Германия мен Корея кезінде біріншіден КСРО қуаттырақ ел болған, екіншіден қолдаушылары да көп еді. Ал Путиндік режимді тек азын аулақ үшінші әлем елдері жақтап жатыр. Кәзір Ресейді жақтағандай көрініп отырға Қытайдың өзі Ресейдің түпкі нәтижедегі мақсатына жеткенде оны нақты қолдайды деп айту қиын. Қытайдың қызығушылығы ақшада, ал оған басында үлкен мәселесі бар өзі әлемдік валюталарды қолдану құқығынана айырылған ел мен азаматтары қажет емес деп ойлайм. Дамыған елдердің санкциясынан кейін Ресей әрекеттескен кез-келген елде санкция астында қалатын болады. Пандемиядан енді құтылып, корона дағдарыстан енді ес жиған елдер жағдайларын одан әрі ұшықтырады дегенге сену қиын. Бұл эконмиканың немесе ақшаның күші. Кімде ақша бар және кімнен пайда табуға болады кәзір әлем соның жанында, ал тарихи әділеттілік пен көзсіз "батырлық" шын мәнісінде нарықтық жүйеде ешкімге керек емес.

Мен осы сценарий болады дегенге көбірек сенемін тіпті Ресей Киевті басып алуыда мүмкін. Бірақ ол уақытша болады және Ресей билігі мен әскері осы соғысты толық жеңіліспен аяқтап, қираған "үйлерінде" ұзақ уақыт қиын жағдайда өмір сүретін секілді.
249 viewsҚуаныш Молдакашев, 02:44
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 19:11:25 #өзектіжаңалықтар

Мен бірнеше пост жазып айтып жүрген соғыс басталды. Соғыс болмайды деп ойлағанмын. Оның нақты бірнеше себебі болған. Бірақ Путин Вабанкке барды. Бұл әрекетін ақылды адамның әрекеті деп айтуға болмайды. Кәзір жан-жақтан неше түрлі ақпар келіп жатыр. Көбіне сеніп қажет емес деп ойлайм, әсіресе Ресейлік БАҚ.
Енді өзім тоқталғым келетін бірнеше нүкте.
1) Бұл соғысты жалғыз тоқтата алатын тарап Ресей халқы. Оның ішінде танымал адамдар қоғамдық пікір көшбасшылары. Дәл кәзір бірнеше танымал адам қарсылығын айтып Ресей көшелерінде митингтер өтіп жатыр. Путин жалпы халқын тындайтын адам емес, сонда да халық үлкен көлемді наразылық берсе соғыс тағдырына әсер ете алады. Егер дәл кәзір Ресей халқы қозғалмаса соғыстан кейінгі жауапкершілікті бірге тартатын болады, тіпті жауапкершіліктен бұрын әлеуметтік мәселелер астында қалады. Путин мен элитасы жеткілікті қор жинап алған енді зардап шегетін тек халық.
2) Зелинский өте дұрыс шешімдер қабылдап жақсы үндеулер ұсынуда. Тарихта кахарман президент ретінде қалады деп ойлаймын. Украинаның профокацияға ермегені, уақытылы шешімдері әлемдік қауымдастық қолдауына ие болуда. Рухтандыру мәселесі де жақсы шешілуде. Әрбір Украин азаматы отаның қорғауға дайын деп ойлаймын, ал мемлекет оларға қару беруге дайын.
3) Әлем елдері ірі компаниялар санкциялар легін жаудыруда. Нәтижесі айтарлықтай болады. Енді Ресей оқшауланған, бұрышқа тығылған ел. Алдағы уақытта технологиялық санкция салынса Ресей дамушы ел қатарынан шығып қалатыны анық. Қытай сияқты технологиялық базасы жоқ мемлекет үшін әлем елдерінің технологиясы ауадай қажет. Банк жүйесінің құлдырауы мен экономиканың тас талқан болатын уақыты алыс емес. Соғыс қымбат ойын, ал ақша сүйер Ресей элитасы ұзақ уақыт ақшаларының азайып жатқанына қарап отырмайды деп ойлайм. Сауда қатынасында да халқы қатты көп емес өндіріс деңгейі орташа ел үшін үлкен мәселелер дайын.

Енді бірнеше болжам)
1) Бұл соғысты толық жеңілетін бір тарап болса ол Ресей. Себебі оны есі дұрыс ел қолдап отырған жоқ және 21 ғасыр соғысатын ғасыр емес екенің әлемдік қауымдастық нақты біледі. Ешбір қоғам Ресейді қолдаған билікті аяиын деп отырған жоқ. Ал соғыста қолдаусыз жену қиын. Естеріңізде болса 1979 жылы бір ел Ауғаныстанда соғыс бастаған ал ол ел кәзір тек тарихта қалды.
2) Путин билігінің уақыты санаулы деп ойлайм. Мына оқиғадан туындайтын мәселелер Ресей халқының үлкен наразылығын тудырады. Ресей тұтастығын сақтайтының өзі сұрақ, тіпті сақтағанының өзінде Путинді орынынан қозғайтындай халық наразылығы болатын сияқты.
3) Соғыс ұзақ болуы мүмкін. Және Ресей толық Украинаны жаулауға тырыспауыда мүмкін. Шығын көп болатын сияқты, әлбетте моральдық құндылығы төмен адам соғысты бастап отырғаны бұған дәлел.
4) ОДКБ көмек сұрауы мүмкін деп ойлайм. Беларусь бірінші болып әскер беретіні сөзсіз. Басқа елдер нейтралитет сақтайды деп ойлайм. Және Қазақстан да осы оқиғада татуластырушы ретінде тырысып көрегеннен артыққа бармайды. Ал біздің ел солтүстікте әскерді дамыту туралы шешімге келу керек деп ойлайм.

Бәрі тез аяқталып бейбітшілік орнаса екен, әскерлер отбасына тезірек қайтса деген тілек. Бірақ өкінішке орай алғашқы қадам жасалды, тек тез шешілгенің, барынша аз шығын болғанын ғана тілейміз енді…
215 viewsҚуаныш Молдакашев, 16:11
Ашу / Түсініктеме
2022-02-20 13:21:30 #өзектіжаңалықтар

Ресей-Украин мәселесі әлі қызу күйінде тұр. Соңғы күндердегі сол тақырыпқа қатысты бірнеше жаңалыққа шолу жасасам.

1) Зелинский Мюнхенде сөз сөйледі. Батыс басшыларының қошеметіне бөленді. Негізгі мәселелерді айтты, әдеттегідей Ресейді айыптады. Бұл жағдай Украина мәселесі батыс елдерін қатты алаңдататының көрсеткіші. Және жаңа санкциялардың дайын екенінде батыс басшылары жиі айтып келеді. Ал Зелинский Украинаның заңды тереториялары өзіне қайтатыны және ол бейбіт түрде болатынын мәлімдеді.
2) ЛНР мен ДНР жалпыұлттық мобилизация жасап, халықты эвакуция жасауда. Негізгі қалаларда ескерту сереналарыда қосылуда. Менің ойымша Украина бірінші оқ ататындай ақымақ емес. Ал Ресей керісінше Украинаны соғысты бірінші бастады дегенге әкелгісі келіп отыр. Осы мақсатына жетсе, кейін әлемдік қауымдастықтың алдында солай ақталуды көздейді.
3) Ресей профакацияға қатты жұмыс жасауда. Украинамен шекаралас елді мекендерде ғимараттарды атқылау фактілері бар. Және оны Украинадан көруде. Бүгін екі бейбіт тұрғынның қаза болғаны да белгілі болды. Украина профакацияға ере қоймайды деп ойлаймын. Бірақ Ресей спец агенттері Украин атынан шабуыл бастап кейін ол Ресейдің әрекетіне бастау болып кету қауіпі бар. Украина кәзір осы сценарийдің болмауына қатты әрекет етуде. Тіпті шекаралас ыстық нүктелерде шет ел журанлистері жұмыс жасауда.

Ресей бұл соғысты бастаса Украина үлкен қарсылық көрсетеді. Батыстық қолдау мен қару-жарақтан бөлек Украин халқының 30% астамы Ресей басып кірген жағдайда қарулы қарсылық көрсетуге дайынбыз деген. Бұл дегеніміз Ресейлік 100 мыңдық әскерге қарсы 10 миллиондық партизандық қарсылық деген сөз. Бұл соғыс ешкімге пайда бермейтіні анық. Дегенмен саясаттағы үлкен ағалардың мақсаттары әлем халқына сынақ болғалы тұр.
Әлем бейбіт болсын, еліміз бейбіт болсын!
252 viewsҚуаныш Молдакашев, 10:21
Ашу / Түсініктеме
2022-02-15 17:53:43 “Президент Украина жағдайын бақылауында ұстап отыр”-деді Берік Уәли. Бұл оқиғаға қатысты бұдан артық әрекеттің қажеті де жоқ деп ойлаймын.

Егер соғыс бола қалса (болмайды деп ойлаймын және үміттенемін) Қазақстан нейтралитет ұстануы керек деп есептеймін. Және біз қоғам ретінде осыған жұмыс жасауымыз керек.
Біріншіден Украинаны жақтау тарабы біздің ел үшін тиімді емес. Себебі Ресеймен өте көп байланыс орнатылған және құрлықтық ұзақ шекарамен байланыстамыз. Бұл нұсқа ең ықтималдығы төмен нұсқа деп есептпймін және бола қалған жағдайдың салдары біз үшін өте жаман болады деп ойлаймын. Біздің Украин тарапында оқиғаға араласуымыз шешу роль атқаруы мүмкін, дегенмен Ресей элитасы жеңіліске ұшырағанның өзінде билігін жоғалтпайды деп ойлаймын және біз үшін көп нашар салдарға себеп болады.
Екінші сценарий Ресей тарапынан араласу. Бұл ықтималдығы жоғары нұсқа. Ресей ОДКБдан көмек сұрауы мүмкін, Беларусь әскері жоғары ықтималдылықпен қосылатынын, Арменияның Карабахтан кейінгі қарыздарын қайтару мүмкіндікткрінен қосылатынын ескерсек бізде де осы сұрақ талқылануы мүмкін. Қазақстанға бұл тіптен жақсы емес жол. Себебі агрессор тарапын жақтау әлемдік қауымдастықтың үлкен сынына ұшырауға әкеледі, Ресейге жарияланатын изоляциялық шешімдер бізге де әсер етеді. Инвестициядан айырылу мен санкциялар бізге өте үлкен соққы беретін болады. Оны ескермегеннің өзінде елдегі жұмыс жасап жатқан шет ел компанияларының кетуі мен ұзақ жыл орнаған байланыстардан айырыламыз. Ресей Украинаны басып алды дегеннің өзінде бұл соғысты жеңіспен аяқтамайды.
Екінші нұсқаны біздің билік таңдаса біз не істеуіміз керек немесе неге олай істеуіміз керек.
Біріншіден Украин халқы демократиялы болуды және Батыстық даму жолын таңдағаны үшін кінәлі емес және оған толық құқылы деп ойлаймын. Ешкім, тіпті әлемнің ірі державасының президенті көрші елдің ішкі-сыртқы саясатына әсер етпеуі тиіс тіпті оны өз еліне түсетін қауіп деп түсінседе және соғыс ешқашан әсіресе біздің ғасырда жақсы зат емес. Біз Қазақстан халқы экономикалық салдарды есептемегеннің өзінде саналы қоғамның адамдары ретінде біздің елдің әскері мен билігінің бұл соғысқа араласпауына әрекет жасауымыз керекпіз. Соғыс болмай-ақ қойсын, бола қалған жағдай биліктің нейтралитет сақтауын талап етуіміз керек. Талап етудің барлық түрін пайдалансақта. Себебі оның салдары болуы мүмкін ең жаман нәтижені береді. Бүгін Ауғаныстаннан әскер шығарылған күн, ол кезде КСРО құрамында болсақта азаматтардың бізге қатысы жоқ соғыстан зардап шекенің әлі талқылаймыз және оған өкінеміз. Кәзір біз тәуелсіз елміз, өз жолымыз бар бұл біздің соғыс емес. #бұлбіздіңсоғысемес
292 viewsҚуаныш Молдакашев, 14:53
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 06:32:56 #өзектіжаңалықтар

1) Украина мәселесі ушығып тұр: Шет елдердің елшілер мен елшілік қызметкерлерін алып кеткенімен қоса, енді ОБСЕ өз адамдарын шығарып жатыр. Зеленский Байденге Кивеке келуге шақырды. Ұшақтар Украина аспанын айналыр ұшуда.
Менің ойым соғыс болмайды, Ресей элитасы “бақытты” өмірін тәуекелге тігеді деп ойламаймын. Тек келісім-шарттарға қол жеткізуге тырысады. Осы оқиғада жеңіліске ұшырайтын тарап Ресей экономикасы болтын сияқты.

2) Еліміздің бірнеше қаласында еске алу және қарсылық шаралары өтті. Ең үлкені Алматы қаласында болды және “оппозиция” көш басшыларының қатысқаны белігілі. Талап қысым көрсетуді тоқтатудан бастап импичментке дейінгі аралықты қамтыды.
Менің ойым бұл қарсылыққа үлекен рекакция болмайды. Нақты бар мәселелерді шешуге немесе наразылықты азайтуға жұмыс жоспары бекітіліп іске асып жатыр деп ойлаймын. Ал қарсылық шаралары ол жоспарға айтарлықтай өзгеріс енгізе қоймас.

3) Түркіменбасы жолды “жастарға” беру керектігін айта бастады. Әрине бұл жердегі оның жастар дегені нақты бір адамға бағытталғаны анық. Жақын уақытта Түркіменстанның үшінші президентін де көріп қалуымыз мүмкін. Билік әкеден балаға өтендігін ескерсек, ел саясатында аса үлкен өзгеріс болады деп айту қиын. Жалпы Түркімен елінде жақын уақытта демократизацияның исі деп шықпайды.

Жақын күндері тағы қандай жаңалық болды? Жазыңыздар ой бөлісейік)
253 viewsҚуаныш Молдакашев, 03:32
Ашу / Түсініктеме