Get Mystery Box with random crypto!

#өзектіжаңалықтар 1) Украина мәселесі ушығып тұр: Шет елдерді | Kongressman

#өзектіжаңалықтар

1) Украина мәселесі ушығып тұр: Шет елдердің елшілер мен елшілік қызметкерлерін алып кеткенімен қоса, енді ОБСЕ өз адамдарын шығарып жатыр. Зеленский Байденге Кивеке келуге шақырды. Ұшақтар Украина аспанын айналыр ұшуда.
Менің ойым соғыс болмайды, Ресей элитасы “бақытты” өмірін тәуекелге тігеді деп ойламаймын. Тек келісім-шарттарға қол жеткізуге тырысады. Осы оқиғада жеңіліске ұшырайтын тарап Ресей экономикасы болтын сияқты.

2) Еліміздің бірнеше қаласында еске алу және қарсылық шаралары өтті. Ең үлкені Алматы қаласында болды және “оппозиция” көш басшыларының қатысқаны белігілі. Талап қысым көрсетуді тоқтатудан бастап импичментке дейінгі аралықты қамтыды.
Менің ойым бұл қарсылыққа үлекен рекакция болмайды. Нақты бар мәселелерді шешуге немесе наразылықты азайтуға жұмыс жоспары бекітіліп іске асып жатыр деп ойлаймын. Ал қарсылық шаралары ол жоспарға айтарлықтай өзгеріс енгізе қоймас.

3) Түркіменбасы жолды “жастарға” беру керектігін айта бастады. Әрине бұл жердегі оның жастар дегені нақты бір адамға бағытталғаны анық. Жақын уақытта Түркіменстанның үшінші президентін де көріп қалуымыз мүмкін. Билік әкеден балаға өтендігін ескерсек, ел саясатында аса үлкен өзгеріс болады деп айту қиын. Жалпы Түркімен елінде жақын уақытта демократизацияның исі деп шықпайды.

Жақын күндері тағы қандай жаңалық болды? Жазыңыздар ой бөлісейік)