Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Абай облысы құрылып, қаламыз Семейдің облыс орталығы ата | Kongressman

Бүгін Абай облысы құрылып, қаламыз Семейдің облыс орталығы атауын алған күн!
Бәрін мазалаған ең маңызды сұрақ әкім кім болады деген. Кей ақпарат көздеріне сенсек 10 маусым күні тағайындалады дейді. Бірнеше кандидаттар да халықтың ауызында жүр. Д. Тұрлыханов, Н. Сабильянов немесе Б. Сапарбаев деген нұсқалар болмайтыны 99% анық нәрсе. Мен төменде халық айтып жүрген болу ықтималдылығы жоғары бірнеше үміткерге тоқталғым келіп отыр.

Бірінші нұсқа кәзіргі қала әкімі Б.К.Байахметов. Бұл кісінің облыс әкімінің орынбасары және бірнеше жердің әкімі болғанын білеміс. Халықтың да бұл кісіге көз қарасы тұрақты емес. Менің ойымша Бақытжан Кәкенқажыұлын тағайындағанның өзінде тек уақытша күзде болуы ықтимал сайлауға дейін ғана деп ойлаймын. Жалпы болу мүмкіндігі 10 балдан 2 бал деңгейінде деген ойдамын.
Екінші үміткер Д.А.Калетав. Бұл кісінің соңғы жұмыс орындары әкім болу ықтималдылығын төмендетеді деген ойдамын. Үлкен бірнеше лауазымда жұмыс жасаған Дархан Аманұлының да облысқа беретін пайдасы болатыны анық. Дегенмен ықтималдылық 10-нан 4 деген ойдамын.
Үшінші үміткер Н.Т.Уранхаев. Бізге қатты танымал болмаса да бірнеше жауапты қызметте істеген адам. Нұрлан Телманұлының басты артықшылығы мен көріп отырған қала құрылысы саласындағы тәжірибесі мен ірі кәсіпорындарда басшы болуында. Бізге қала мен облыстың дамуы үшін кәсіпорындардың қалпына келуімен құрылыс жұмыстарының дұрыс жүруі қатты маңызды. Менің ше бүгінге дейін айтылған үміткерлер ішінде ең жақсы және біздің аймаққа керек еңбек өтіл осы кісіде. Ықтималдылық 10-нан 7 деп ойлаймын.
Ең бастысы қандай әкім келсе де біздің аймақпен таныс, мәселелерін толық білетін және дамыту ниеті бар адам келсе деген үміттеміз. Облысты алдық енді облысқа сай дамысақ деген сенім ғана ойымызда.