Get Mystery Box with random crypto!

Спорт ұлт пен мемлекетті біріктіруші, бірге қуантатын немесе ө | Kongressman

Спорт ұлт пен мемлекетті біріктіруші, бірге қуантатын немесе өкіндіретін үлкен күш. Спорт біріктіру құдыретінің артықшылығы лезде және маштабты жұмыс жасауында. Ал спорттың ішінде командалық спорттардың, онын ішінде футболдың орыны ерекше. Біздің құраманың соңғы жеңістеріне барлығы қуануда тіпті конституциялық өзгерістер екінші орынға қалып қойған сияқты) Бұл жеңістер жаңа Қазақстанның әсері ма жоқ па білмеймін. Бірақ жігіттерге намыс пен кәсібилік үшін алғысымыз шексіз. Ел футболындағы тұрақсыз уақыттар осымен тоқтап, тұрақты даму кезеңі басталса деген тілек. Басында ешкім қолдамаған Адиев мырзаның үлкен мотиватор екенің еңбек жолынан көруге болады, ал біздің жігіттер үшін мотивация әркез жетіспей қала беретін.
Жігіттерге алдағы ойындарда сәттілік, жарақаттан аман болсын деп тілеймін. Ал жанкүйерлерден жеңіске қалай қуансаңыздар, жеңілісте соншалықты қолдау білдірейік.

Қалай ойлайсыз іріктеу нәтижесінде нешінші орында тұрақтаймыз?