Get Mystery Box with random crypto!

Семей таланттылар мен білімді, білекті де жүректі азаматтардың | Kongressman

Семей таланттылар мен білімді, білекті де жүректі азаматтардың қаласы екені бәріңізге белгілі. Семей ұстаздарының білімі, Семей жігіттерінің мінезі, Семей түлектерінің біліктілігі туралы елімізді бар аймағына мәлім. Бірақ кәзір мен өзім өте жақсы білетін екі саладағы Семейліктер туралы жазғым келді. Бұл екі сала Семей жастарының потенциалы мен өз қаласына деген патриоттық сезімдерінің айқын көрінісі. Және облысқа бағынбай тікелей қалада дамыған жастар қозғалыстары болып табылады. Олар еш жерден үлкен қолдау күтпей өз қаласының намысын бүкіл республикада қорғап жүрген жандар.
Біріншісі Ерке аға бастаған Жайдарман немесе жалпы әзіл саласы. Семей командалары басқалардан ерекше стильімен, мағыналы әзілімен барлық жерде құрметке ие. Кәзіргі Стендапта да Семейліктердің көп болуы, түрлі жобалар арасында Семей әзіл мектебінің түлектерінің бар екені соның дәлелі. Семейден шыққан әрбір жайдарман командасы мен әзіл саласындағы жігіттері қаланы бүкіл мемлекетке танытты және мойындатты. Бұл жігіттерді бірінші кезекте Семейліктер деп таниды. Бұл Жайдарман қозғалысының қаламызды жақсы жағынан танытудағы үлесі өте үлкен.
Екінші сала өзіміздің дебат (пікірсайыс). Семей пікірсайыс қозғалысы Шығыстан бөлек мойындалады және саналады. Семей мектеп лигасының түлектері Астана мен Алматыға барып өздерін дәлелдеген жастар. Ал Семей пікірсайыс қозғалысы дамуы мен тұрақтылығы жағынан ең үздік аймақтардың бірі екеніне кез-келген Қазақстан пікірсайысшысы кепілдік береді. Бұған Семейде пікірсайыс ойнаған әрбір пікірсайысшының үлесі зор деп білемін.
Осы екі қозғалыс үш Республикалық дәрежедегі қала және үлкен облыс орталықтарымен тең дәрежеде бәсекеге төтеп бере алды. Бұдан бөлек өнер, спорт және білім саласында да жетістікке жетіп жатқан жастар жетерлік. Менің айтқым келген Семей жастары бүгінге дейін өз мүмкіндіктерін нақты көрсете алды, ендігі уақытта осы мүмкіндікпен бірге екі есе дәлелдейді деп ойлаймын. Бұл тек мүмкіндік ғана емес бұл енді үлкен жауапкершілік.
Әр саладағы Семейлік азамат осы жауапкершілікті сезіне отыра қаланың және ендігі уақытта құрылатын Абай атындағы облыстың дамуына жұмыс жасауы керек деп ойлаймын. Облысты жылдар жүріп сұрап алдық, енді оны үздік ету және дамыту тек біздің қолда.
Әр Семейлікті осы үлкен қуанышпен құттықтаймын! Президентке осы шешім үшін алғыс білдіремін! Ал жастар қозғалыстарының жолын Семей футболына берсін деп тілеймін))